ҚР азаматтарын Газа секторынан эвакуациялау кезең-кезеңмен жүргізіліп жатыр.
92 қазақстандық пен олардың отбасы Газа секторынан эвакуацияланды
Фото: ҚР Сыртқы істер министрлігі
880
оқылды

Бүгін эвакуацияның бірінші кезеңі жүзеге асырылып, нәтижесінде «Рафах» бақылау-өткізу пункті арқылы Газа секторынан Мысыр аумағына 92 Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелері өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР азаматтарын Газа секторынан эвакуациялау жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізіліп жатыр.

«Қазақстандық дипломаттар отандастарымызға барлық қажетті консулдық-құқықтық және психологиялық көмек көрсетті. Шекарадағы рәсімдерден кейін біздің азаматтарымыз колонна құрамында жолға шықты және жақын арада Каир қаласына жетеді», – делінген хабарламада.

Осы ретте қазақстандық дипломаттар Израиль, Мысыр, Палестина ұлттық әкімшілігінің құзыретті органдарымен және басқа да халықаралық ұйымдармен қалған отандастарымызды анклавтан эвакуациялау бойынша жұмысты жалғастырады.

Қазақстандықтар Газа секторынан Каирге аман-есен жеткізілгеннен кейін ҚР Үкіметі оларды елге жеткізу үшін эвакуациялық борт жолдайды.