Қаланың бас сақшысы 27 жастағы қызды өз кабинетінде зорлады деген күдікке ілінді.
"Қыз зорлады..." деген күдікпен полиция басқармасының басшысы 2 айға қамауға алынды
1,005
оқылды

Талдықорғанда қыз зорлады деген күдікке ілінген Талдықорған қалалық полиция басқармасыны бастығы қамауға алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қаланың бас сақшысы 27 жастағы қызды өз кабинетінде зорлады деген күдікке ілінді.

"Талдықорған мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 14 қарашадағы шешімі бойынша күдікті К.-ге қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат қанағаттандырылды", - деп хабарлады Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, өткен аптада Жетісу облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік қызметі Талдықорған қалалық полиция басқармасының басшысы қыз зорлағаны үшін қамауға алынғаны хабарланды.

Фото: Алматы облысы ПД