«Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бұрынғы президентінің қылмыстық әрекеті әшкереленді.
«Қазақфильм» АҚ экс-президенті жемқорлыққа жол берді деген күдікке ілінді
2,117
оқылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекет басшысының заңсыз сатып алынған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бұрынғы президентінің қылмыстық әрекетін әшкереледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«2017 жылы Алматы облысының Іле өзені жағасындағы «Көшпенді» киножобасы аясында салынған жасанды Түркістан бекінісін Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы басшылығы үлестес коммерциялық ұйымның нарықтық құнынан 44 есе төмен бағаға сатқан», – делінген Антикор хабарламасында.

Қазіргі уақытта осы активті және жер учаскесін мемлекетке қайтару бойынша шаралар қабылдануда.

«Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деді ведомство өкілдері.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Фото: egemen.kz