Ермұрат Бапи экс-депутаттың сөзіне мән бермейтінін жеткізген.
Бекболат Тілеухан сияқтылар ойына не келсе соны айтады - депутат
964
оқылды

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи сұхбат барысында өзін популист деп атаған экс-депутат Бекболат Тілеуханға жауап қатты, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әлеуметтік желіде экс-депутат Бекболат Тілеуханның мәжіліс депутаттарын популистер деп атаған видеосы тараған болатын.

"Ринат Зайытов, Ермұрат Бапи, Нартай Аралбай – популистер. Ең төменгі жалақы 300 мың теңге болмайтыны анық", – деген бұрынғы дәстүрлі әнші. 

Депутат Ермұрат Бапи оның пікіріне қатысты ойын айтты.

"Бекболат Тілеухан сияқтылар ойына не келсе соны айтады. Зайытов пен Аралбай ең өзекті, саяси айтылмаған тақырыптарды көтеріп, билік пен қоғам алдында ашық айтады. Сондықтан мен Бекболаттың кейбір ақымақ сөздеріне мән бермеймін", - деген ол.

Фото: Ulysmedia