«Отбасы банкі» еліміздің 20 миллионшы тұрғыны атанған 5 балаға 2 млн теңгеден береді. Бұл туралы «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
«Отбасы банкі»  20 миллионшы болып туған бес нәрестеге 2 миллион теңгеден береді
astana-akshamy.kz
2,005
оқылды

«Отбасы банкі» еліміздің 20 млн-шы тұрғыны атанған балалардың болашағына да өз үлесін қосқысы келеді. Біз оларға әрқайсысы 2 млн теңге номиналды құны бар сыйлық сертификатын сыйлаймыз. Бұл сертификат жай ғана сыйлық емес. Ол – жарқын болашаққа жолдама. Бұл қаражат жеке баспана сатып алудың алғашқы қадамы болады», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, сертификатты қолдану үшін балалардың ата-аналары өздері тұрып жатқан қаладағы банк филиалына барып, жеке куәлігін, баланың туу туралы куәлігін көрсетуі керек. Сонымен қатар видеобанкинг арқылы да хабарласуға болады.

«Ол үшін ата-аналарға 3 ай уақыт беріледі», – деді Ләззат Ибрагимова.