Ер адам ауруханаға жеткізілді, оның жағдайы қазір қалыпты.
Қостанай облысында полицей ауыл тұрғынын өрттен құтқарды
822
оқылды

Қостанай облысында учаскелік полицей 34 жастағы ауыл тұрғынын өрттен құтқарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

15 қараша сағат 22.00 шамасында полицияға ауыл тұрғынынан үйдегі күйіктің иісін сезгені туралы қоңырау түсті.

Оқиға орнына учаскелік полицей Нұрлан Қарамесов келді. Ол бірден көрші үйге кіруге тырысады, алайда есік ішінен құлыпталып, терезеден қатты түтін пайда болған.

Ол бірден есікті бұзу туралы шешім қабылдайды. Әрі қарай еденде ес-түссіз жатқан 34 жастағы ер адамды байқайды. Учаскелік полиция оны далаға шығарып, алғашқы көмек көрсетті.

Ер адам ауруханаға жеткізілді, оның жағдайы қазір қалыпты.

Өрт төсекте темекі шегу салдарынан пайда болғаны белгілі болды.

Фото: polisia.kz