Сотталушы Әулиекөл ауданында болған былтырғы алапат өртке кінәлі деп танылған.
Қостанай облысында орман шаруашылығының басшысы сотталды
Фото: Zakon.kz
781
оқылды

Қостанай облысында орман шаруашылығының бұрынғы басшысы 4 жарым жылға сотталды, - деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan TV арнасына сілтеме жасап.

Ұлттық арнаның хабарлауынша, Асхат Жақашев Әулиекөл ауданында болған былтырғы алапат өртке кінәлі деп танылған. Бұған дейін қылмыстық сот оны 371-бап бойынша айыптап, 4,5 жылға шартты жаза кескен еді.

- Істі қайта қараған облыстық сот алқасы бұл мерзімді нақты бас бостандығынан айыруға ауыстырды. Бұрынғы басшы жеке кәсіпкерлерге өрт қаупі жоғары кезде орманда жұмыс істеуге рұқсат берген. Осы қызметіне жүйелі түрде ақы алып отырған. Екі жыл ішінде оның есепшотына осындай жолмен 15 млн теңге түскені анықталды, - деп түсіндірді қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Арман Шәмшиев.

Жақашевтің әрекеті Қылмыстық  кодекстің 361-бабында белгіленген, қызмет бабын асыра пайдалануға жатады. Ал жаза - істеген қылмысының және оның салдарының аса ауыр зардаптарға соқтыруына байланысты тағайындалған.