Кәсіподақ ұйымдарына жаңашыл көшбасшы керек
Кәсіподақ ұйымдарына жаңашыл көшбасшы керек
557
оқылды
29 кәсіподақтық белсенділер Кәсіподақ көшбасшылығы мектебінде оқуды аяқтап, сертификаттарын алды. 4 ай бойы Нұр-Сұлтан қаласының кәсіподақ ұйымдарының өкілдері Кәсіподақ көшбасшылығы мектебінің (менеджмент) жаңа авторлық жобасының 5 модулінен өтті.  «Қазақстандағы оқыту және қайта оқыту бағдарламалары «жаппай оқу» үлгісіне ие және заманға сай сын-тегеуріндер мен кәсіподақтық қатынастардың қажеттіліктеріне сай келмейді. Кәсіподақ көшбасшылығының мектебі - сындарлы мәні бар кәсіподақ көшбасшыларын даярлаудың уақтылы және заманға сай үлгісі. Жобаның авторы мен «Eurasian Center for People Management» ЖМ бас директоры Ербол Исмаиловтың айтуынша, «Бұл кешенді міндетті жоба Қазақстандағы кәсіподақ жұмысшыларының кәсіптік деңгейін арттыруға бағытталған».  width=   Кәсіподақ көшбасшылары қаржылық менеджмент жөніндегі модульді меңгеріп, қаржы жүргізудің заманға сай құралдарын, қаржылық-экономикалық талдау негіздерін, бюджетті қалай сауатты түрде жоспарлау керектігін, ақша ағынының қозғалуын, қаржылық ұйымдармен қалай өзара әрекеттесу керектігін, саналы түрде несие беру және қалайша жұмыстың айқындығын қамтамасыз етуге болатындығын білді. Кәсіподақ көшбасшылығының мектебінде көшбасшылықты басқару құралы ретінде де баяндаған. Атап айтқанда, жаңа үлгідегі қолбасшыға ұжымды қалай басқару керектігін, жұмыстағы тиімді құралдар туралы, ұжымда пайда болатын күрделі мәселелерді қалай шешу керектігін. Заң саласындағы сауаттылық модулі кәсіподақтар мен олардың бірлестіктерінің құқықтық мәртебесіне арналған. Тыңдаушылар заң қандай кепілдіктер беретіндігін және кәсіподақтарға не істеуге болмайтындығын талқылады. Сондай-ақ, еңбек кодексі туралы не білу қажет: қауіпсіз еңбек шарттарын, ұжымдық шарттарды жасаған кезде теңдік кепілдіктерін сақтау, жұмысшылардың бөлек санатының еңбегін реттеу ерекшеліктері. Медиация жөніндегі модульде қақтығыстарды басқару мәселесі талқыланды. Кәсіподақ көшбасшылары даулы, жанжалды жағдайларды реттеуді, келіссөздер мен сұхбаттарды жүргізуді үйренді. 5 модульдің барлық бағдарламалары қолданбалы сипатқа ие, яғни, қатысушылар оларды кәсіптік қызметте де, күнделікті өмірде де, жұмыста, коммуникацияда және т.б. қолдана алады. Мектеп тыңдаушылары атап өткендей, мұндай сабақтар кәсіподақ төрағаларына да, жұмыс берушілердің өздеріне де қажет және өзекті болып келеді. Травматология және ортопедия ҒЗИ кәсіподақтық бастапқы ұйымының төрайымы Қарлығаш Оралованың пікірінше, жаңа білім кәсіподақ мүшелерінің құқығын қорғау бойынша жұмысты одан әрі кәсіби және сапалы орындауға көмектеседі.
«Мұндай сабақтар Қазақстандағы кәсіподақтық қозғалысты да, жалпы азаматтық қоғамды да дамытады. Тым болмаса осы жерде оқитын бір адам парадигманы жылжыта алса, біз жалпы өзгере бастаймыз. Мұндай тренингтерде жалғыз емес екеніңді, қоғамның мүшесі екеніңді түсіне бастайсың. Пікіріміз маңызды, бір нәрсені өзгерте аламыз, ол үшін тырысу қажет. Әрбір кәсіподақ көшбасшысының артында мыңдаған адамдар тұр. Егер біз алған білімімізді түсіндіре және жеткізе алсақ, бұның өзі оң нәтиже беріп, Қазақстандағы кәсіподақ ұйымдарын дамытады», – дейді Қарлығаш Оралова.
  Кәсіподақ көшбасшылығының мектебі Қазақстандағы British Embassy қолдауымен ұйымдастырылған және Республиканың кәсіподақтық қозғалысының әлеуетін арттыруға бағытталған. Ұлыбритания Елшілігінің саяси офицері Лариса Волкованың айтуынша, жоба жоғары кәсіби деңгейде іске асырылып жатыр.
«Біз кәсіподақтық қозғалыстың кәсіби өсуіне бағытталған нәтижелерді күтеміз. Жалпы, бұл жоба кәсіби дағдыларды: қаржылық сауаттылықты дамытуға, жобалық менеджмент, медиация жобаларына үйретуге бағытталған. Мұның барлығы Қазақстандағы кәсіподақтардың дамуына және өркендеуіне, сондай-ақ еңбектегі қақтығыстардың алдын алуға және болдырмауға, кәсіпорындар тұрақтылығының деңгейін арттыруға ықпал етеді», – дейді Лариса Волкова.
Бірінші мектептің қатысушылары қатарында кәсіпорындардың бастапқы кәсіподақтық ұйымдарының, кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктерінің, салалық кәсіподақтық ұйымдардың, Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясының басшылары және қызметшілері, омбудсмендер, медиаторлар, әлеуметтік-еңбек және HR блоктардың қызметшілері, өндірістік кәсіпорындардың жұмысшылары, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек саласында жұмыс істегісі келетін Қазақстан Республикасының азаматтары болды. Жобаны British Embassy Nur-Sultan қолдауымен Eurasian Center for People Management ұйымдастырған.