Үстіртте қабылан фототұзаққа түсті
Үстіртте қабылан фототұзаққа түсті
Фото: Сәкен Ділдахметтің парақшасынан алынды
663
оқылды
Үстірт мемлекеттік қорығында тағы да қабылан фототұзаққа түсті. Бұл туралы Facebook парақшасында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет жазды. «Бұл жолы біздің мамандар барынша сапалы кадр түсірді», – деді ол. Айта кетейік, Үстіртте фототұзаққа қабылан 2019 жылдың желтоқсан айы мен 2020 жылдың қаңтарында екі рет түскен болатын. Үстіртте фототұзаққа түскен қабылан Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Комитеттің мәліметінше, Үстіртте қабылан 2018 жылдан бері кездеседі.