«AMANAT» партиясының әдебиетке деген қызығушылықты арттыру, адамдарды кітап оқуға ынталандыру, отандық кітап шығарушыларды қолдауға бағытталған «Кітап-AMANAT» жобасы жалғасуда. Бүгін Көкшетау қаласында кезекті кітап орталығы ашылды.
Отандық әдебиетті қолдаудың маңызды қадамы
599
оқылды

Бүгін Көкшетау қаласында өңір­дің мәдени өміріндегі маңыз­ды қадам болған «Кітап-AMANAT» кітап орталығының ашылуы өтті. Оған зиялы қауым өкіл­дері, партия ардагерлері, қоғам қайраткерлері қатысты.

Жазушы-драматург Жабал Ерғалиев қоғамның мәдени кел­бе­тін қалыптастырудағы рөліне тоқталды.

«Қазір кітаптың культін қа­лып­тастыру және жас ұрпақты кітап оқуға бейімдеу – қоғамдағы өзекті мәселенің бірі. «AMANAT» партиясы кітап орталықтарын ашу және кітап оқуды дәріптеу ар­қылы жас ұрпақты тәрбиелеудің оң бастамасын көтеріп отыр. Бұл – баршамыз қолдайтын игі іс», – деді ол. 

Өз кезегінде Мәжіліс депу­таты, «AMANAT» партиясы фрак­циясының мүшесі Наталья Де­ментьева кітап орталығында әр­кім өз талғамына сай кітаптарды тауып қана қоймай, сонымен қатар әдебиетсүйер қауымның бас қосып, пікір алмасатын орны болатынын атап өтті. 

«Кітап-AMANAT» жобасы – отандық әдебиетті қолдау бағы­тындағы маңызды қадам. Кітап – бұл білім құралы ғана емес, сонымен бірге рухани қазына. Оқу ақыл-ойды қалып­тастырады және тұлғаның дамуына көмек­теседі. Бұл – біздің қоғамның бола­шағына жасалған инвес­тиция», – деді ол.

Іс-шара барысында жас ақын­дар – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің сту­денттері өз өлеңдерін оқыды.

Осындай кітап орталықтарын Бурабай, Целиноград және Ерей­ментау аудандарында да ашу жоспарланып отырғанын айта кеткен жөн.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Түркістанда өткен ұлт­тық құрылтайда өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне, ұлттық мүд­деге сай келетін кітаптар ба­сып шығаруға ерекше назар ау­дар­ған болатын. Ол кітап шығару ісі идеологиялық жұмыстың басты бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Осылайша, «AMANAT» пар­тиясы мен Баспагерлер, полигра­фистер және кітап таратушылар қауымдастығы арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморан­думға қол қойылып, нақты жос­пары бекітілді. Жыл соңына дейін «AMANAT» партиясының фи­лиал­дары жанынан барлық об­лыс, қала, тіпті, аудан орталық­та­рында кітап орталықтарын ашу жоспарлануда. Құжат аясында баспалар орталықтарды қолжетім­ді бағамен қажетті кітап қорымен қамтамасыз етеді. Мұнда тек елі­міздегі авторлардың емес, соны­мен қатар қаза тіліне аударылған әлемдік бестселлерлер де қойы­лады.