Мұндай жақсы жаңалық өңірге «Қазақтелеком» АҚ Басқарма Төрағасы Қ.Есекеевтің келуіне бай­ланысты болды.
Ұлытауға 5G келеді
972
оқылды

Сапар барысында Қазақтелеком» АҚ мен Ұлытау об­лы­сының әкімдігі арасында ай­мақ­тағы ұялы байланысты, интернетті дамыту бойынша меморандумға қол қойылды. Меморандумның бір тармағы  Жезқазғанда 5G желісін іске қосуды көздейді.  

Ұялы байланыс – Ұлытау облысын­дағы қордалы мәселенің бірі еді. Онсыз да жол қатынасы мүлде сын көтермей­тін Жезқазған – Қызылорда автожо­лының бойында байланыс мүлдем жоқ десе де болады. Ал Қарағандығы қарай баратын жол бойының да оңып тұрғаны шамалы. 

Мектептерді  цифрландыруға да ин­тернет желісінің жеткіліксіздігі қолбайлау  болып келеді.  Облыс басшысы өңірдегі бұл бағыттағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған «Қазақтелеком» АҚ-ның бағыттарына зор ризашылығын білдірді. 

Меморандумға сәйкес  2025 жылға қарай Жезқазған қаласының байланыс желілері оптикалық-талшықты желілерге көшіріледі  және 2023-2024 жылдары Ұлытау облысының аумағында ұялы бай­ланыс пен мобильді интернетті дамыту бойынша қажетті іс-шаралар жоспарын бекітілетін болады. Аймақ басшылығы тарапынан облыстағы 36 мектепке опти­калық-талшықты байланыс желілерін немесе радиокөпір жүргізу жөнінде ұсыныстар айтылды. 

Көп ұзамай Ұлыту облысында ұялы байланыс өткір мәселе болудан қалатын сыңайлы. Ләйім, солай болсын!

М.КЕТЕ