Жеткіншектің мойнындағы бірнеше тамыры кесіліп кеткен.
Таразда оқушы арматураға құлап, жансақтау бөліміне түсті
747
оқылды

 

Тараз қаласында 8 жасар бала аулада ойнап жүріп, мойнын жарақаттап алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Баланың жақындарының мәліметіне қарағанда, жеткіншек үйдің маңында құрылыс жүріп жатқан орынға барып ойнаған. Сол кезде арматураға құлап, мойнын жарақаттап алыпты. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан деректе оқушының мойнындағы үлкен тамырлар кесіліп кеткені жазылған. Бастапқыда жансақтау бөліміне жатқызылып, кейін операция бөліміне ауыстырылыпты. 

Отаны ЛОР дәрігері және жақ-бет хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Иван Мойсюк, травматология бөлімінің дәрігері Қайрат Жеңісбаев мен тамыр хирургі Арман Ұлтарақов жүргізді. 

Ота кезінде оқушыға қан құйылған. Қазір өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.