Қайрат Сатыбалды қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, қаржы жымқыру фактілері бойынша алты жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
«Тамақ апарайын десем, кіргізбейді» – Бекболат Тілеухан Қайрат Сатыбалды туралы
1,484
оқылды

Дәстүрлі әнші, бұрынғы депутат Бекболат Тілеухан журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, досы Қайрат Сатыбалдыұлы жайындағы ойын жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Іnbusiness.kz сайтының жазуынша, спикер темір тордың арғы жағында отырған досына осы күнге дейін бармаған, хал-жағдайын білмеген.

«Ішім удай ашыды. Әлі күнге ішім удай ашиды. Қимаймын түрмеге. Тамақ апарайын десем, кіргізбейді ғой. Тамақ апарар едім, кірер едім, бірақ енді менен басқа да кіретін қаншама адамдар бар. Туғаны бар, туысы бар. Қашан шығатынын білмеймін. Иншалла, шықсын", – деді ол.