Көптеген әйелдер алаяқ-көріпкелдердің алдауына түсіп қалған.
"Семинарға миллион теңге жұмсадым": әйелдер көріпкелге сеніп, сан соғып қалды
832
оқылды

Көріпкелдер оларға көз тиген деп сендірген. Ал әйелдер қарғыстан арылу үшін қыруар қаржы беріп, арнайы тұмар да сатып алыпты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Информбюро» бағдарламасының мәліметінше, көріпкелдер «байлық, махаббат пен энергетиканы» дамытуға арналған семинар өткізіпті. Қатысушылар «Күш» деп аталатын клубқа қосылу үшін қыруар қаржы берген. Тіпті көріпкелдер «сиқыр мен сандық технология байланыса алмайды» деп қолма-қол ақша ғана алған.

«Үш семинарға миллион теңге жұмсадым. Олар «отбасында қарғыс бар, оны жоймаса, жамандыққа алып келеді» деді. Айтқандарына сендік. Семинарға қатысқан әйелдердің барлығы қиын жағдайда тап болған, мәселеден шығудың жолын іздеген жандар. Бастапқыда мұны йога деп атады. Олар – кәсіпқой арбаушылар, барлық қорқынышымызды жазуды сұрады. Барлығын жазған соң ақпаратты сол тізімнен алып, бізге әсер ететін дүниелерді қару ретінде пайдаланды», – дейді зардап шеккендердің бірі Айна Айжанова.

Жалған көріпкелдер туралы ресейлік БАҚ та жазған. Ал мессенджерде «Стоп секта» деп аталатын топқа 12 мың адам қосылыпты. Оның 200-ге жуығы қазақстандықтар. Ал келген шығын жүздеген милионға жеткен.

«Семинарға келгенде әрқайсымызға тұмар берді. Бағасы 150 мың теңге, ал адамдар соған сенеді. Меніңше, бұл – секта. Адамдар жыл сайын алданып, тіпті пәтерінен де айырылғандар бар», – деді жәбірленуші Анна Бушмарина.

Зардап шеккендер топты құрған ұйымдастырушыларға хабарласпақ болған, алайда ешкім тұтқаны көтермепті.