Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы ми­­нистрі Айдарбек Сапаровты қабылдады.
Институционалдық реформалар жүргізу қажет
1,097
оқылды

Президентке еліміздің ауыл шаруашылығы сек­­торының биыл­ғы 10 айда атқарған жұмыс­тары­ның негізгі көрсет­кіш­тері жөнінде мәлімет берілді.

Мемлекет басшысына Агроөнеркәсіп кешенін да­мыту-дың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында бе­кітілген мін­­дет­тердің орындалуы туралы баян­дал­ды, сондай-ақ атал­ған саланы одан әрі жетіл­діру­ге қатысты жоспар таныс­тырылды.

Айдарбек Сапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа жиым-терім науқанының қорытындысы, биыл отан­дық шаруа­лар­дың қиын жағдайда жұмыс іс­те­гені және Үкімет қабыл­даған қолдау шаралары жайын­да айтты.

Кездесу соңында Президент министрге саланы 5 жыл ішінде дамудың жаңа белесіне шығару, со­ның ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім кө­лемін 2 есе арттыру жөнінде міндет жүктеді. Ол үшін аталған салада мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіруге, шаруаларды жеңілдетілген қаржымен және субсидиямен қамтамасыз етуге, егіс ал­қап­­тарын әртараптандыруға және ауыл шаруа­шылығы ғы­лымын дамытуға бағытталған құры­лымдық және инс­титуционалдық реформалар жүр­гізу қа­жет.