35 тұрғыннан 2019-2022 жылдың қаңтар айы аралығында 44 млн теңгеге жуық көлемде ақша қаражаттарын тартқан.
44 миллион теңгені иеленген: Қызылорда облысында қаржы пирамидасының 3 басшысы ұсталды
2,158
оқылды

Қаржы мониторингі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Qnet қаржы пирамидасымен айналысқан 3 күдіктіні қамауға алды, –  деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«Күдіктілер Қызылорда қаласының аумағында Qnet компаниясының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырған азаматтар желілік маркетинг және электрондық коммерция деген желеумен қаланың 35 тұрғынынан 2019-2022 жылдың қаңтар айы аралығында 44 млн теңгеге жуық көлемде ақша қаражаттарын тартқан. Тергеу барысында жәбірленушілердің компанияға 840 мыңнан 1 млн 200 мың теңге көлемінде қаржы салғаны анықталды», - делінген хабарламада.

Сот санкциясы негізінде үш күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланылмайды. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Компанияларды қаржылық пирамида белгілерінің бар-жоғына Baiqa, piramida! Telegram боты арқылы тексере аласыз.