Шемонаиха ауданындағы «Рулиха» серіктестігі «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ берген несиеге өзінің сүттілігімен белгілі, голштейн тұқымының 600 бас қысыр сиырын сатып алды.
ШҚО шаруашылықтары мал тұқымын асылдандыруда
1,279
оқылды

Сүт өндірісін дамытуға арналған мол мүмкіндіктер, оларды өңдеу қуаты, өңірдің мал шаруашылығындағы тәжірибесі мен дәстүрлері, жақсы жемшөп қоры, осы факторлардың арқасында шаруашылықтар «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ тарапынан қаржылық қолдауға ие болды.

Шемонаиха ауданындағы «Рулиха» серіктестігі «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ  берген несиеге өзінің сүттілігімен белгілі голштейн тұқымының 600 бас қысыр сиырын сатып алды. «Рулиха» ЖШС директорының орынбасары Азамат Үсеновтің айтуынша, бүгінде  фермада 1 211 ірі қара бар, оның 630-ы сауынды сиырлар. Әрбір сиыр күніне 30 литрден астам сүт береді, майлылығы 4,5 %.

Өндірісті кеңейту мақсатында тағы 1 000 бас ірі қара сатып алу жоспарланған. Қазіргі уақытта фермада 60 адам жұмыс істейді, автоматты жүйелермен жабдықталғандықтан, олардың еңбегі бұрынғыға қарағанда жеңілдеген. Заманауи құрал-жабдықтар, сондықтан еңбегіміз  жеңілденді. Ескі фермада сүрлем мен жемшөпті жұмысшылар салатын. Ол ауыр және көп уақытты қажет ететін,  деп еске алады жемшөп қоймасының меңгерушісі Жанна Зайцева. «Қазіргі кезде әрбір ауысымда бірнеше адам ғана жұмыс істейді, 2 сауыншы 600 сиырды сауады. Бәрі заманауи», деп сөзін аяқтады.

Алтай ауданында «Средигорное-2» тауарлы сүт фермасы жұмыс істейді. Жақында мұнда Бавариядан симменталь тұқымының 96 қашарын әкелген. Олардың алғашқылары бұзаулап жатыр, бұл шаруашылықтың кеңейіп, болашақта қазір жұмыс істеп жүрген 28 адамға тағы 20-ы қосылады дегенді білдіреді.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның ШҚО-дағы филиалы директорының орынбасары Мирас Қалиев: «Бұл жобаларды жүзеге асыру өңірдің әлеуметтік-экономикалық саласына тиімді әсер етті, сүт өңдейтін кәсіпорындардың шикізат қоры артты және жаңа жұмыс орындары ашылды»,  деп атап өтті.

Шығыс Қазақстанның агроөнеркәсіп саласында бизнесін тұрақты дамытып отырғандар аз емес. Фермерлер табысқа жетіп, болашаққа жоспарлар құруда, оны жүзеге асыруға мемлекет қолдауы көмектеседі. Аграрлық несие корпорациясы тек осы өңірде құны 8 миллиард теңгеден асатын жобаны қаржыландырды.