Италиялық турист Алматыға 50 жыл бұрын шыққан көлікпен саяхаттап келді
Италиялық турист Алматыға 50 жыл бұрын шыққан көлікпен саяхаттап келді
439
оқылды
Италиялық турист Микэль Скуери Алматыға арнайы келген. Ол 15 жылдың ішінде жарты әлемді саяхаттап шығыпты. Бұл – Микэльдің Орталық Азияға алғашқы сапары. Алматыға шетелдік қонақ 1972 жылы шыққан раритетті италияндық автомен келді. Ол оны арнайы осы сапар үшін сатып алған екен. Туристің қаладағы алғашқы белгіленген пункті – Visit Almaty туристік ақпарат орталығы болды. Туристік хабтың табалдырығын аттай салысымен, италияндық қонақ жайлылық пен қонақжайлылық атмосферасына енді. Онымен қоса, ол қала жөнінде, Алматының ең әсем жерлері, оңтүстік астананың туристік потенциалы жайында толыққанды ақпарат алды.   Алматы, туризм, Микэль Скуери Италияндық қонақ үшін кең дастархан жайылып, ол ұлттық тағамдардың тіл үйірер дәмін татып көрді. Микэль Скуери бауырсақтың ерекше дәмін, қымыздың шөл қандырар қасиетін атап өтті. «Өте жайлы қала және дәмді тамақ. Маған қазақтың тағамы ұнады», – деді. Туристік хабтың ішінде орналасқан жайлы киіз үйде отырып, қонақ ерекше қонақжай әрі жайлы атмосфераны атап өтті. Италиялық қонақ тек қонақжайлыққа ғана емес, Алматының көз тартарлық тау бөктеріне де тәнті болды. Онымен қоса, ол отанына оралмас бұрын, «Алтын емел» ұлттық саябағына да барып қайтқысы келетінін айтты. Себебі, оның әсем табиғатына қызығады. Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ