3 жылдан бері іздеуде жүрген қазақстандық Грузияда ұсталды

Күдіктіні елге экстрадициялау мәселесі талқыланып жатыр.

Үш жылдан бері іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузияда ұсталды. Ол қаржы пирамидасын құрып, 3,6 млрд теңге көлемінде залал келтіргені үшін айыпталған, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бас прокуратураның үйлестіруімен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Грузия аумағында 2020 жылдың наурыз айынан іздеуде жүрген күдіктіні – Қазақстан азаматын ұстады.

Ол қаржы пирамидасын құрды және оған басшылық етті деп айыпталуда. Келтірілген шығын 3,6 млрд теңгеден астамды құрайды.

Қылмыстық іс бойынша 600-ден астам жәбірленуші бар», – делінген мәліметте.

Ұсталған күдіктіні елге экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.