Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жезқазған қаласының тұрғынынан 6 келі марихуана тәркіленді
1,091
оқылды

"Құқықтық тәртіп" жедел профилактикалық шарасы аясында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Жезқазған қаласының 30 жастағы тұрғынын тұтқындады, - деп хабарлайды Aikyn.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Күдіктінің үйін тінту барысында 6 келі марихуана табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ тіркелмеген тегіс ұңғылы атыс қаруы, оған келетін бес оқ және кастет табылды.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр.

ҚР ҚК-нің 287, 297-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.