Депутаттар Ақмола облысы Аршалы ауданындағы №2 түзету мекемесінің жұмысымен танысты.
Депутаттар есірткіге қарсы күрес мәселелерін талқылады
Видеодан скриншот
633
оқылды

ҚР Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшелері есірткіге қарсы күрес мәселелерін талқылады,  деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Олар Ақмола облысы Аршалы ауданындағы №2 түзету мекемесінің жұмысымен, жазасын өтеп жатқан адамдардың жай-күйімен танысты.

Сонымен қатар депутаттар Қарағанды қаласындағы отбасына көмек көрсетудің бірыңғай орталығына, облыстық ПД кинология орталығына, әділет органдарына тиесілі сараптама орталығына барды.