Қазір сайлау жүйесін демократияландыру – Пре­­зидент реформа­ла­ры­ның негізгі міндет­­терінің бірі. Сыр өңірінде бұл ба­ғыт­та атқарылған жұмыс­тардың ауқымы кең.
Сайлау жүйесінде серпін бар
923
оқылды

Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының мәліметіне сәй­кес, өңірде барлық деңгейдегі сай­­­лау комиссияларының кәсіби құ­­рамы толығып, тұрақты негізде жұ­мыс істеуге көшкен. Бұған дейін облыс аумағында 18 комиссия мү­шесі жұмыс істеп келген болатын. Бүгінде кадрлар құрамы ұлғайған.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық сайлау жүйесінің ашық әрі барша азаматқа қолжетімді түрде өткізу қағидаты басты міндет екенін жеткізген болатын. Бұл тұрғыда ең алдымен әрбір сайлаушының құқығының сақталуы, сайлаудың заң талапта­­­­рына сай өтуі талап етілді. Соған орай жыл басынан бері тиісті жұ­­мыс­тар атқарылуда. Соның негізін­­де сайлау комиссияларының кәсіби құрамы толықты. Қазір сайлау ко­­миссиясында 31 маман тұрақты жұ­мыс атқарады. Бұл – кадрлар құрамы 1,7 есеге өсті деген сөз. Сол сияқты сайлау процесін ашық әрі айқын түрде өткізу қағидаты қа­­­лып­­­­­­­тасты. Осы арқылы саяси пар­­тия­­лардың өзара бәсекелестігін арттыруға жол ашты», – дейді об­­лыстық сайлау комиссиясының тө­рағасы Әділбек Ерсұлтанов.

Комиссия төрағасы өңірде саяси науқандарды ашық та әділ өт­кізу бағытында атқарылған жұ­­­мыстардың ауқымдылығына ерек­­­­ше тоқталды. Соның ішінде наурыз айында өткен сайлау барысында жаңадан партиялар қосылып, аза­маттардың өзін-өзі ұсыну мүмкін­­­дігі қарастырылғанын алға тартты. Нәтижесінде, депутаттық корпус жаңа азаматтармен толыққан. Сондай-ақ Сыр халқы Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутатта­­рын сайлау барысында да белсен­­ділік танытып, жоғары көрсеткіш­­тер көрсеткен. 

«Мемлекет басшысы Парла­­­­менттің алғашқы сессиясында биыл тұңғыш рет республикада 45 аудан және облыстық маңызы бар қала әкімі сайланатынын жет­кізді. Бұл ретте пилоттық сайлау Қызылорда өңірінің Шиелі және Сырдария ауданында өткізілді. Саяси науқанда 72 мыңға жуық сайлаушы аудан әкімі болуға үмітті азаматтар үшін дауыс беруге мүм­­кіндік алды. Дауыс беру күні 53 866 сай­лаушы өз таңдауын жаса­ды. Науқанда облысқа қарасты Шие­лі ауданынан – 40, Сыпдария­дан 18 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істесе, қос аудан бойынша 6 кандидат бақ сынады. Нәтиже­­сінде, Сырдария ауданының әкімі болып Берік Сәрменбаев, Шиелі ауданының әкімі лауазымына Нұр­жан Ахатов сайланды», – дейді Әділбек Бөрібайұлы.

Жалпы, саяси науқан бары­­сын­да өңірде әрбір азамат үшін «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» ат­ты сервис жұмыс істеген. Соның негізінде аудан тұрғындары saylau.orda.gov.kz сайтына кіріп, ЖСН енгізу арқылы өз учаскесін оп-оңай табуға мүмкіндік алғанын атап өтті. 

Сонымен қатар сайлаушылар үшін 109 бірыңғай байланыс орта­­­­лығы да жұмыс істеді. Дис­­­пет­чер­лер аудан әкімінің сайлауына қа­тыс­ты тұрғындардың сауалда­­рына жауап берді.

Комиссия төрағасы биылғы пилоттық сайлау барысы ашық әрі заң талаптарына сай өткізілгенін мәлімдеп отыр. Науқан барысында 600-ге жуық байқаушы сайлау про­­­цесінің ашықтық қағидатына сай өткенін бақылауда ұстаған. 

Сол сияқты Президент тапсыр­­масы аясында Сыр өңірінде ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы да қар­қынды өткізілуде. Облыс аумағын­да жыл басынан бері 26 ауыл әкімі сайланып отыр. Алдағы желтоқсан айында қосымша 12 ауылдық округ және кент әкімдерінің сайлауы өтеді деп күтілуде. Комиссия тө­раға­­сы соның ішінде саяси науқан­­­ға өзін-өзі ұсынған азаматтардың үлес салмағы басым екенін ерекше атап өтті. 

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ,

Қызылорда облысы