Бүгінде қаржы алаяқтарының айы оңынан туып тұр. Өйткені оңай олжа тапқысы келіп, қолдағы азын-аулақ қаражатын қаржы пирамидаларына салатын азаматтар көп. Халықтың қаржылық сауатының әлсіздігін пайдаланып, алаяқтар өздерінің жымысқы әрекетін жасыру үшін түрлі айла жасайды. Құқық қорғау органдары алаяқтарға қарсы алдын алу шарасын жаса­п, қауіпті болдырмау және алаяқ­тардың әрекетіне тосқауыл болу үшін түрлі әрекет жасап келеді.
Түркістанда ерекше саябақ ашылды
681
оқылды

Түркістан қаласында Түркістан облы­сы бойынша Экономикалық тергеп-тек­серу департаментінің бастамасымен, жергілікті атқарушы органның қолдауы­­­­мен елімізде алғаш рет «Қаржылық мони­торинг агенттігінің» саябағы ашылды. Ұйым­дастыру­­шылдардың айтуынша, жа­ңа саябақты ашудағы басты мақсат – жастар арасындағы экономикалық құқық­­бұзушылықтардың алдын алу, лу­­до­­­­­ма-­­­­ния­­­ға қарсы күрес және қаланың көр­­кеюіне үлес қосу.

Боксшы, Сидней олимпиадасының чем­­пионы Бекзат Саттарханов атындағы даңғылдың бойында орналасқан саябақ­тың ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департа­­­мен­­тінің басшысы Ерболат Балғабаев Түр­кістан облысы­ның прокуроры Мұрат Ті­леубердиев қатысты. Жиынды департа­­мент басшысы Ерболат Балғабаев ашып, прокурор Мұрат Тілеубердиев, облыс әкім­інің орынбасары Бейсен Тәжібаев құттықтау сөз сөйледі. 

– Түркістан бұрынғы Яссы кезінде жа­сыл желекке оранған мәуелі қала болған. Бүгінгі жаңарған Түркістанның да табиға­ты тамаша, ауасы таза қала боларына се­нім мол. Сондықтан да ашылып жатқан сая­бақтың біздің қала үшін маңызы жо­­ғары болмақ, – деді облыс әкімінің орын­басары Бейсен Тәжібаев. 

Сонымен қатар департамент басшысы Ерболат Балғабаев салтанатты түрде Эко­номикалық тергеп-тексеру қызметінің во­лон­­­терлік қозғалысы жетекшісі Пер­де­бек Есқұловқа қозғалыстың туын табыс­­тады. Шара барысында саябақтың сәнін келтіретін ағаш егу рәсімі өтті. Ағаштарды еліміздің 20 өңірінің Экономикалық тергеп-тексеру департаменті сыйға тарт­­қан екен. Ағаш отырғызу рәсіміне Түркі­с­тан облысы әкімдігінің өкілдері, облыс аумағындағы Құқық қорғау орган­­дары­ның басшылары, Қызылорда облысы және Шымкент қаласы бойынша Эко­но­ми­калық тергеп-тексеру департа­­­мент­терінің басшылары, белсенді жастар арна­йы қатысып, естелікке ағаш көшетін отыр­­ғызды.

Сондай-ақ саябаққа Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің де арнайы жолдаған көшеті егілді. Жалпы, 500-ге жуық ағаш отырғызу жоспарланған болса, алғашқы күні саябаққа 100 түп ағаш отырғызылды. Жаңадан бой көтерген жасыл желекпен бірге, қаланың мәдениет саласының мақтанышы Jana Lep тобы әуелеген ән, күмбірлеген күй және мың бұралған бимен ашылу салтанатының сәнін келтірді. 

Саябақтың бір ерекшелігі – онда 30 жерде республика аумағындағы қаржы пирамидалары тізімі жазылған QR-тақтай­­шалар орнатылған. Азаматтар бұл кодтарды сканерлеу арқылы елімізде қар­жы пирами­дасы ретінде танылған ұйым­дардың толық тізімін көре алады. Ұйым­­дасты­рушылар QR-тақтайшалар арқылы қаржылық пира­­­­­мидаларға алдану­­­шылар санын қада­­­­­ғалау мен алдын алуды және қылмысты азайтуды қолға алуды мақсат етіп отыр.

Экономикалық құқықбұзушы­­­­­лық­­тар­дың алдын алу, лудоманияға қарсы кү­рес демекші, былтыр Түркістан облы­­­сында қаржы пирамидасын құрып, жұ­мысын жүргізген 25 адам сотталды. Тергеу бары­­­­­сында айыпталушылардың екі мың­­нан астам жәбірленушіге 3 млрд тең­геден астам шығын келтіргені дәлелденді. Айта кетер болсақ, алаяқтарға алданған 2 мың­нан ас­­­там жәбірленуші 2020 жылдан бас­тап поли­­­­цияға арыздана бастаған бола­­тын. Белгілі бо­л­ғандай, айыпталу­шылар 2017-2020 жылдар аралығында Evolution Corporation және «Индиго 24» қаржы пирамидаларын құрып, халықты ал­дап келген. Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстары мен Шымкент, Астана және Алматы қалала­­­рында қаржы пирамида­­­ла­рының жұмысын жүзеге асырығаны анықталды. Оларға қатысты қылмыстық іс 1000-нан аса томға жинақ­талып, облыстық сотта бір жылдан аса уақыт бойы қаралған-ды. Сонымен қатар Түркістан облысы Полиция депар­­­­та­­­­менті тергеп-тексеру басқарма­­­­сының мәлі­метінше, былтыр облыс аумағында қаржы пирамидасына қатысты 5 қыл­­­мыс­­­тық іс анықталып, шығын көлемі 3 млрд 291 млн 906 теңгені құраған.

Түркістан облысы Полиция депар­­­­таменті тергеп-тексеру басқармасы тарат­­қан ақпаратқа сәйкес, 2020 жылдан бері онлайн-кредиттік алаяқтықпен айналы­­сатын микроқаржы ұйымдарына қатысты 213 қылмыстық іс тіркелген. Анықталған қылмыстық істердің көбі Tengo.kz, Freedom finance, Fincap, Koke.kz, Capvia, Dengiclick.kz секілді ірі микроқаржы ұйым­­­­дарына қатысты. Қазір кибер­­­­­қыл­мыс­­тар-

мен күрес жүргізетін IT-мамандарының біліктілігін арттыру қолға алынуда. Қаржы пирамидаларының басты ұйымдастыру­­­­шылары облыстан тысқары жерде орна­­­­­ласқан. Мәселен, «Свой дом» қаржы пи­­ра­­­­мидасы Ресейде құрылса, Indigo ұйы­­­­­мының белсенділері Алматы қала­­­­сында тұрады. Ал жәбірленушілердің ба­­­сым бөлігі Түркістан облысының тұрғын­­­­­дары болып шыққан. Яғни, салыс­тырмалы түрде қарайтын болсақ, ғалам­­тордағы алаяқтардың арбауына түсіп қал­­ған түркіс­тандықтардың қарасы аз емес. 

Қазір ғаламторды ашып қалсаңыз, қар­жы алаяқтары және одан сақтану жол­дары туралы ақпарат­ қаптап жүр. Құ­­­­қық қор­ғау органдары да күмәнді қаржы пи­рамидалары туралы ескерту жасап, тегін теңгенің түбінде «түйені тү­­­­гімен жұтқан» алаяқ­­­тар­­дың әрекеті жасы­­рынып жат­қ­а­нын жиі айтады. Бірақ бүгінгі күні жеке­­леген адамдардың әлеуметтік желіл­­­ерін­­­­­дегі парақшаларына бұзып кіру, онда­ғы хаттар мен өзге де мәліметтерді көшіріп алып, түрлі мақсатта пайдалану, отба­­­сы­­­­­­­­­лық құпияны пайда­­­­­ланып ақша боп­­­­­­­­­салау сияқты теріс қылықтардан халық хабардар болса да «үмітсіз шайтан» дей ме екен, ауадан ақша жасау арманына ал­­­­данады. Қазақ­­станда соңғы 5 жылда қар­­­жы пира­­­­­мидаларының алаяқтық қызметі бірнеше есе өсті. Олардың барлығы аферистік схе­­маларды қолдану ар­­­қылы халықтан ақша жинауға бағыт­­­­­талған. Қазақстанда алғаш қаржылық пирамида пайда болған 90-жылдардан күні бүгінге дейін оның құрбандарының қатары күн санап артып келеді. Алайда қаржы алаяқтарына алда­­­нып қалғандардың бәрі бірдей құқық қор­ғау органдарына жүгінбейді. Сон­дық­тан нақты сандар стати­сти­кадан едә­уір көп болуы да мүмкін.

Ашық ақпарат көздеріндегі деректерге сенсек, елімізде қаржы пирамидасы құр­­­­­бандарының жалпы саны 3 есеге көбейген. Биылғы қаңтар-сәуір айлары­­­ның қоры­­­­тындысы бойынша елімізде «Қаржы пира­мидасын құру және басқару» бабы бойынша 45 қылмыстық құқықбұзушылық іс тіркелген. Өңірлер бойынша салысты­­­рағанда, Алматы қаласында «Қаржы пи­­ра­­мидасын құру және басқару» бабы бойынша ең көп қылмыстық құқықбұзу­­­­шылық тіркелген. Бір жыл бұрын бұл қалада 4 оқиға тіркелген болса, биыл 7 жағ­дай, ал Шығыс Қазақстан облысында биыл 5 жағдай тіркелген болса, бір жыл бұрын 2 жағдай тіркелген екен. Сарапшы­­­­­лардың айтуынша, қаржы пирамидала­­­рының ұйымдастырушылары азаматтарды өз ұйымдарына инвестиция салуға үгіттеу мақсатында түрлі айла-тәсіл ойлап таба­­­ды. Олар әсіресе интернет-ресурстарын көп пайдаланады. Қазақстан Республи­­касы Қаржы мониторингі агенттігі биыл­­ғы жылдың 3 айында Қазақстанда қар­­жылық пирамида белгілері бар 4 мыңға жуық сайт пен аккаунтты бұғаттады.

Статистикалық дерекке сәйкес, ел эко­номикасына қаржы пирамидаларынан келген залал 12,2 млрд теңгені құраған. Бұл бір жыл бұрынғыдан 2,1 есе артық. Оның ішінде жеке тұлғаларға келтірілген залал 12,1 млрд теңге болса, заңды тұлға­­ларға келітірлген залал үлесі 176,7 млн ​​теңге. Биылғы қаңтар-сәуір айларындағы есеп бойынша 382 адам қаржы пирами­­­­­­­даларының құрбаны болған. Бұл бір жыл бұрын­­ғыдан 3,3 есеге көп. Оның ішінде 11 жас­қа дейінгі 6 бала, 16-17 жас ара­­­лығындағы 3 бала, 18-20 жас аралығындағы 9 адам, 21-29 жас аралығындағы 72 адам, 30-39 жас аралығындағы 120 адам, 40-49 жас аралығындағы 100 адам, 50-59 жас аралығындағы 54 адам., 60 жас және одан жоғары жастағы 18 адам алаяқтардың арбауына ұшыраған. Зардап шеккендердің 71,5 пайызы, яғни 273-і әйелдер болса, 11 зейнеткер, үшеуі студент. Көріп отыр­­ғанымыздай, уақыт өткен сайын алаяқ­­­тар­дың адамдарды алдап, ақша жымқыру әдісі түрленіп, күрделеніп барады. Олар құрығына ілінген «пайда көзіне» жас па, кәрі ме, әйел ме, еркек пе, тіпті жасөспірім бала ма қарамайды. Халықтың қаржылық және құқықтық сауатының тым төмен болуы да алаяқтардың еркінсуіне әсер етіп отыр. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазір көптеген азаматымыз алаяқтардың айласына түсіп, алданып қалып жатыр. Сондықтан құқық қорғау органдары алаяқтарға қарсы та­банды күрес жүргізуге тиіс. Оларға еш­­­қан­дай жеңілдік жасалмауы керек. Себебі алаяқ­тардың жасаған әрекетінен халық зардап шегіп жатыр. Бұл жерде, әрине, адамдардың құқықтық сауат­сыздығы да бар. Әділетті қоғам құрамыз десек, дәл осындай өзекті мәселелерді шешуіміз ке­рек», – деген болатын.

Сондықтан Түркістан облысы Эконо­микалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасын жалғастырып, респуб­ликамыздың әр өңірінде халық көп жина­латын орталықтарға қаржылық пирами­даларының тізімі жазылған QR-тақ­­­­­­­­­тай-­­шаларын орнатып қойса, ар­­тық болмас еді.

Т.МҰҚАНАТТЕГІ