Мемлекеттік қызметші арнайы техниканы жедел тіркегені үшін кәсіпкерден пара алған.
Атырауда «жедел қызметі» үшін 87 мың теңге  пара алған шенеунікке 3 миллион теңге айыппұл салынды
1,136
оқылды

Атырауда  қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің лауазымды қызметкеріне  қатысты қылмыстық іс қаралды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мемлекеттік қызметші арнайы техниканы жедел тіркегені үшін  кәсіпкерден жалпы сомасы 87 мың теңге болатын пара алған.

Атырау қаласының №2 соты аталған қызметкерді мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, оған 3 млн  теңге мөлшерінде айыппұл салды. Сонымен бірге Антикордың ұсынысымен Атырау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Баян Жанұзақова