Балғынбек Имаш Жүрсін ағасының сұхбат барысында келісілмеген әңгімені айта салатынын айтты.
«Айта салады»: Балғынбек Имашев Жүрсін Ерманға ренішін жеткізді
8,755
оқылды

Белгілі айтыскер Балғынбек Имашев ақын, айтыстың жүргізушісі Жүрсін Ерманға реніші бар екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Біз айтысқа бармай қалсақ, Жүрсін Ерман "мыналардың бәрі дінге кетіп қалды","домбыра харам" деп айтты деп сұхбат бере салады. Оның өзінің тактикасы сондай. Мысалы, айтысқа демеуші іздеп, кәсіпкерге барады. Кәсіпкер ойланайын десе, келесі күні сұхбатта "демеушіміз осы кісі" деп айтып жібереді. Кәсіпкер "аға, сізге ойланайын" дедім ғой деп хабарласса, "ойбу, онда бермейтін болды деп кері сұхбат берейін" дейді. Сосын ана кәсіпкер "керек емес" дейді. Тура бізде де солай", – деді ол "Talklike" бағдарламасында.

Ақынның сөзінше, өзі Жүрсін Ерманның берген сұхбаттарынан зардап шеккен.

"Енесі тепкен құлынның еті ауырмас" дейді ғой. Ол кісінің сөздерін көңілге алмай жүретінбіз. Сондай сұхбаттары бізге зиян беріп жатыр. Ылғи мен, Жандарбек, Айнұр, Сара төртеумізді айтады", – дейді Балғынбек Имаш.