Бүгінгі валюта бағамы қандай?
24 қарашаға арналған ресми валюта бағамы
1,649
оқылды

Ұлттық банк 24 қарашадағы ресми валюта бағамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Kurs.kz мәліметінше, Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 459 – 464 теңге аралығында сатылып жатыр.

Ұлттық банктің 24 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 461,17 теңге.

Ал Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,23 теңге болды.

Алматыда көрші ел валютасы 5,11 – 5,31 теңге аралығында, ал Астанада 5,13 – 5,23 теңгеден саудаланып жатыр.