Іздеу жұмыстарына «Еврокоптер» әуе ұшағы тартылды.
Батыс Қазақстанда қарлы боран кезінде жоғалып кеткен азамат іздестіріліп жатыр
Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі
1,016
оқылды

БҚО-да қолайсыз ауа райы кезінде жоғалып кеткен ер адам іздестіріліп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

БҚО ТЖД мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланып, республикалық және облыстық маңызы бар автокөлік жолдары жабылған.

«22 қарашада кешкі 20 сағат 37 минутта Теректі ауданы, Ақжайық ауылында таңертеңгі сағат 10.00-де 1961 жылы туған азаматтың жұмыстан шығып жоғалып кеткені жөнінде хабар түсті. Жедел іздестіру жұмыстары жүргізілді. 23 қарашада сағат 13.00-де іздестіру-құтқару жұмыстарына Орал қаласының аэропортынан «Еврокоптер» әуе ұшағы көтерілді», – делінген ТЖД хабарламасында.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы экипажда 3 адам, жеке құрамнан 25 адам, 9 техника жұмылдырылды.

Осы ретте облыстық ТЖД ауа райының өзгеруін бақылап, абай болып, енгізілген шектеулер туралы ақпаратпен танысуға кеңес береді.

Ақпаратты 112 құтқару қызметінің телефон нөмірінің хабарламасынан, сондай-ақ, «Darmen» мобильді қосымшасының көмегімен нақтылауға болады.

Сонымен қатар, отын қоры бар канистр (кемінде 20 л) және құюға арналған ыдыс, шай термосы және азық-түлік қоры мен жылы киімнің болуы, ең бастысы, автокөлік техникалық жарамды күйде болуы керек.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» телефон нөміріне қоңырау шалу қажет.