Респонденттердің 96%-ы Мем­ле­кет басшысының отбасылық-тұр­мыстық зорлық-зомбылық үшін, сон­дай-ақ кәмелетке толмағандарға қа­тысты зорлық-зомбылықтың кез кел­ген түріне қатысты жазаны кү­шейту жөніндегі бастамаларына қол­дау білдірді.
Президенттің бастамасын қолдайды
739
оқылды

Бұған «AMANAT» пар­тиясы «Жастар Рухы» жастар қа­натының белсенділері жүргізген әлеу­меттік сауалнама нәтижелері д­ә­лел бола алады.

Осы аптадан бастап «Жастар Рухы» ерік­тілері қоғам белсенділерімен, құқық қор­ғау органдарының өкілдерімен және сарап­шылармен бірге әлеуметтік зерттеу жүр­гізуге кірісті. Көшелерде, вокзалда, сау­да нүктелерінде және өзге де қоғамдық орын­дарда азаматтардың отбасылық-тұр­мыс­тық зорлық-зомбылық туралы хабар­дар болу деңгейі, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық себептері, зорлық-зомбылық құрбандарын қолдау іс-шаралары, отбасылық-тұрмыстық зор­лық-зомбылыққа қарсы күрестің тиім­ді­лігі туралы және тағы басқа сұрақтар қойыл­ды. Атап айтқанда, сауалнама Се­мей, Атырау, Көкшетау және Ақтөбе қала­ларында жүргізіліп, онда 125-ке жуық рес­пондент сұралды. Олардың 120-сы не­месе 96%-ы жазаны күшейтуді және зорлық-зомбылыққа қарсы қатаң шаралар қа­былдауды жақтады. Сауалнамаға қа­тысу­шы, Семей қаласының тұрғыны Қа­лам­қас Маратқызы әрбір адам қорықпай өмір сүруі керек деп есептейді.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық біздің қо­ғамның ең өзекті мәселелерінің бірі еке­ні сөзсіз. Көптеген отбасы оны жасы­рып жабуға тырысса да, бұл – мыңдаған адамның басында бар жағдай. Біздің қоға­мы­мызда да бұрыннан бар екенін бәріміз бі­леміз. Дегенмен қазір осы мәселеге ерек­ше назар аударылғаны қуантады. Же­ке өзім зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсымын», – деді ол.

Статистикаға сәйкес, тұрмыстық зор­лық-зомбылықтан зардап шек­кен­дердің көп­шілігі – әйелдер. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева атап өт­кен­дей, елімізде күн сайын балаларға қа­тыс­ты 6 қылмыс жасалады, 342 адам тұр­мыстық зорлық-зомбылықтан зардап ше­геді. Балалар мен жасөспірімдер ара­сын­дағы әлімжеттік мәселесі де өткір бо­лып тұр. Уақытылы көрсетілген көмек қай­­ғылы жағдайдың шамамен 70%-ға ал­дын алады. Ал «Жастар Рухы» жастар қа­наты Атырау облыстық филиалының төра­­ғасы Абылай Құрметұлы әлеуметтік сауал­­наманы өткізудің өзектілігін атап өтті.

«Ең алдымен, біз адамдарға пробле­ма­ның маңыздылығын, тұрмыстық зор­лық-зомбылыққа, буллингке, балаларды қор­лауға жол беруге болмайтынын жет­кізе­міз. Мұндай сауалнамалар мәселенің қан­шалықты ауқымды және қандай ша­ра­лар қабылдау керек екенін түсінуге мүм­кіндік береді. Сауалнама халықтың бұл проблема туралы хабардарлық дең­гейін анықтауға, стереотиптерді және сол сияқты тағы да басқа анықтауға көмек­те­седі», – деді Абылай Құрметұлы.

Сондай-ақ респонденттер алимент мөл­шерін ұлғайту, денсаулыққа зиян кел­тіргені үшін қамауға алу мерзімін ұзарту, пе­дофилия үшін өмір бойына бас бос­тан­дығынан айыру сияқты т.б. ұсыныстарын жеткізді. Әлеуметтік сауалнама еліміздің өзге өңірлерінде де жалғасады. «Жастар Рухы» жастар қанатының зерттеу нәти­же­лері мен ұсыныстары құқық қорғау ор­ган­дарына, Еңбек және халықты әлеу­мет­тік қорғау министрлігіне және басқа да құзыретті ведомстволарға жолданады.

Айта кетейік, 2020 жылдың қыр­күйе­гінен бері «AMANAT» партиясы жанын­да­ғы «Бақытты отбасы» жобасы аясында ба­лалардың құқын бұзу және отбасылық-тұр­мыстық зорлық-зомбылық жағдай­лары бойынша «111 шұғыл қызмет» желісі жұмыс істейді. Үш жылда шұғыл қызмет мамандары 50 мыңға жуық отбасына кө­мек көрсетті. «111 шұғыл қызмет» же­лі­сі­не жүгінгендердің 82,6%-ы – әйелдер, 17,4%-ы – ер адамдар. Оның 68%-ы бойын­ша нақты көмек көрсетілді, ал 32%-на анықтама сипатындағы түсініктеме бе­рілді. Қоңырау шалған азаматтарды тол­ған­дырған мәселелердің 43,4%-ы – атау­лы әлеуметтік көмек алуға, 7%-ы – пси­хологиялық және заңгерлік көмек көр­сетуге, 3,6%-ы – білім беру, күтім көр­­­­­сету және қамқоршылық мәселелеріне қа­тысты болды. Қазір аталған қызмет «AMANAT» – 111 байланыс орталығы» деп аталады. Бұл – отбасы, әйелдер және б­а­лалардың құқығын қорғау бойынша тәу­лік бойы жұмыс істейтін ұлттық желі. Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақса­тында 111 бірыңғай сенім телефоны мем­ле­кеттік шұғыл қызметтер тізбесіне 101, 102, 103 және т.б. нөмірлермен тең дәре­же­де енгізілді.

Нұрлан ҚОСАЙ