Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның Орталық Азия елдері экономикаларына арналған арнайы бағ­дарламасының (СПЕКА) саммитіне қатысу үшін Бакуге жұ­мыс сапарымен келді. Жұмыс сапары барысында Мем­лекет басшысы Әзербайжан Президентімен кез­десті.
Бауырлас елдер арасындағы ықпалдастық арта түседі
1,365
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев дәс­түрлі қонақжайлығы мен БҰҰ-ның Ор­талық Азия елдері эконо­ми­каларына арналған арнайы бағ­дарламасының (СПЕКА) алғашқы саммитін ұйымдастырғаны үшін Ильхам Әлиевке алғыс айта оты­рып, Бакуді «Каспий өңірінің ін­жу-маржаны», әлемдегі ең әдемі қа­лалардың бірі деп атады.

Мемлекет басшысы орайлы сәт­­ті пайдаланып, Ильхам Әлиев пен бауырлас әзербайжан халқын ха­лықаралық құқық және БҰҰ Қауіп­­сіздік Кеңесінің қарарларына сай елдің аумақтық тұтастығын сақ­­тауға қол жеткізгенімен құт­тық­тады. Президент мұның айтулы оқи­ға екеніне назар аударды. Сон­дай-ақ Мемлекет басшысы Қа­зақ­стан мен Әзербайжан арасындағы өза­­ра қарым-қатынастың  қар­қын­ды дамып келе жатқанын атап өтті.

– Жаңа жобалар қолға алынып жа­тыр. Біздің арамызда ешқандай түйт­кілді мәселе жоқ. Біз – шы­найы стратегиялық серіктеспіз, тіпті Каспий теңізінің екі жағын ме­кен еткен көршілерміз. Стра­те­гиялық қатынастарды нығайту жә­не одақтастық ынтымақ­тас­тық­ты тереңдету жөніндегі бірлескен дек­ларацияның қабылдануы, сон­дай-ақ Жоғары мемлекетаралық кеңестің құрылуы қазақ-әзербай­жан қарым-қатынасын жаңа дең­гей­ге көтерген тарихи оқиға болды. Мен өзіммен бірге Бакуге то­лық­қанды делегация алып келдім. Өйт­кені бүгінгі кездесуде, Әзер­бай­жан тарапымен шын мәнінде, то­лық форматты, мазмұнды келіс­сөз­дер жүргіземіз деп санаймын. Бұл – өзара қарым-қатынасқа қа­тысты бірқатар мәселе бойынша пі­кір алмасу үшін жақсы мүмкін-дік, – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Әзербайжан Пре­зиденті СПЕКА саммитіне қа­ты­су­ға келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

– Біз – достас, бауырлас әрі се­ріктес елдерміз. Соңғы жылдары ресми сапарлар аясында, екі ел үкі­меттері мүшелері мен компа­ния­лары шеңберінде өзара бай­ланыс­тардың қарқынды түрде да­мып келе жатқаны анық байқа­ла­ды. Біз екі мемлекет арасындағы өзара ық­палдастықтың ең жоғары деңгейіне жетіп отырмыз. Бұл – тәуел­сіз ел ретінде даму тарихы­мыз­дағы ай­тулы оқиға және ха­лық­тарымыз ара­сындағы байла­ныс­тардың рухы мен сипатына сай келеді. Мұның солай болатын жөні бар, – деді Әзербайжан Президенті.

Ильхам Әлиев Қазақстан Пре­зидентін келесі жылы Әзербай­жан­ға мемлекеттік сапармен келу­ге шақырды.

Cондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған Арнайы бағдарламасына (СПЕКА) қатысушы мемлекеттер бас­шы­лары­ның бірінші саммитінде сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы, ең алды­мен Саммитті жоғары деңгейде ұйым­­дастырғаны үшін Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке алғыс ай­тып, Орталық Азия елдері бас­шы­лары мен жиынға қатысушы құр­метті қонақтарға ілтипат біл­дірді.  

– Қазақстан 1997 жылы БҰҰ-ның Орталық Азия эконо­ми­ка­ла­ры­на арналған Арнайы бағдарла­ма­сын құруға бастамашы болды. Қа­зіргі уақытта бұл бағдарламаның өңірлік ынтымақтастықты кеңейту және жаһандық экономикалық про­цестерге қосылу тұрғысынан тиім­ді платформаға айналғанын ерек­ше атап өткім келеді. Арнайы бағ­дарламаның 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр­ған­дықтан, бүгінгі кездесуіміздің сим­волдық мәні зор. Былтыр Қа­зақ­станның төрағалығы аясында біз Бағдарламаның негізгі ба­ғыт­тары жөніндегі ықпалдастықты ны­ғайтып, оны жүзеге асыру үшін маңызды шаралар қабылдадық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Қа­зақстан СПЕКА-ны дамытуға, сон­дай-ақ Орталық Азия мен Кав­каз өңірінің ынтымақтастығын ны­ғайтуға Әзербайжан Респуб­ли­касының қосқан үлесін жоғары ба­ғалайды.  СПЕКА-ға қатысушы мем­лекеттер басшыларының бү­гінгі тарихи әрі тұңғыш саммиті ат­­қарылған ауқымды жұмыстың түйі­ні болмақ.

– Бүгінгі кездесу нәтижесінде біздің ашықтық, өзара құрмет пен сенім қағидаттарына негізделген көп­жақты ынтымақтас­ты­ғы­мыз­дың көкжиегі кеңейетініне се­нім­ді­мін. Геосаяси тұрғыда бөл­шек­тену белең алып, жаһандық эконо­ми­каның конъюнктурасы құбы­лып тұрған қазіргі жағдайда Ар­найы бағдарламаның мән-маңызы арта түседі. Ортақ мүддені ескере оты­рып, СПЕКА-ны одан әрі да­мыту жөнінде өз көзқарасымды ор­таға салуға рұқсат етіңіздер. Ор­нықты даму қағидаттары мемле­кет­теріміздің ұлттық стра­те­гия­лары мен бағдарламаларының өзе­гіне айналды. Бүгінде Қазақ­стан­да мемлекеттік бюджеттің 80 пайызы орнықты даму мақ­сат­тарына сәйкестендірілді. Үкі­ме­ті­міз­дің ең басты міндеті – сапалы бі­лім беру мен денсаулық сақтау ісі­нің баршаға қолжетімді болуын қам­тамасыз ету. Жуырда күшіне ен­ген жаңа Әлеуметтік кодексте әлеу­меттік осал топтарға жататын аза­маттарды қорғау тетіктері же­тілдірілді, – деді Президент.