Қазақстанның бірнеше қаласында жалға берілетін пәтерлердің құны арзандады.
Елімізде пәтерді жалға алу бағасы арзандап жатыр
2,630
оқылды

Әсіресе, Ақтөбе, Петропавл және Ақтау қалаларында пәтерді жалға алу құнының төмендегені байқалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

КТК арнасының жазуынша, сарапшылар нарықта ұсыныс сұраныстан асып түскенін айтқан. Риэлторлар жалдау құны одан әрі төмендейтінін жоққа шығармайды. 

Орал қаласында тұрғындар қымбатына үй жалдағанша, ипотекаға үй алуды жөн көреді. 2022 жылдың күзінде ресейліктер жаппай келе бастағанда, жалдамалы тұрғын үйлер күрт қымбаттады, содан кейін қыста баға түсті. Орал қаласында үш бөлмелі пәтерді 150 мың теңгеге, ал екі бөлмелі пәтерді 100-120 мыңға жалдауға болады. 

“Қазір негізінен ұйымдар, Ресейден келгендер ғана жалға алады. Өзіміздің тұрғындар арасында қажеттілік аз. Бір кездері студенттер ағыла келеді. Ал қазір олай емес”, – деді жылжымайтын мүлік агенттігінің жалдау бөлімінің басшысы Гүлжиян Есқалиева.

Жалға берілетін тұрғын үй сегментінде бір бөлмелі пәтерлерлер сұраныста. Жылжымайтын мүлік агенттігі  олар делдалдарсыз тез тапсырылатынын айтады. 

“Қазір жылжымайтын мүлік нарығында мәмілелер аз. Керісінше, нарық төмендеуде, сәйкесінше бағалар да төмендеп жатыр. “Крышада” бағаның төмендеуі байқалмағанымен, келісім барысында төмендеп жатқанын көреміз”, – деді жылжымайтын мүлік агенттігінің менеджері Әсима Ибраева.

Қазір сату платформаларында үйлер өтпей тұрған көрінеді. Риэлторлар сұраныс болмағандықтан, бағалар төмендейді дейді. Әрі елде ипотекалық бағдарламалар азайды.

Ақтөбеде де жалдамалы тұрғын үйдің бағасы төмендеді. Өткен айда жалға берілетін пәтерлердің құны бірден 7%-ға төмендегені айтылады.

“Негізінен тұрғындар жаңа ғимараттарды таңдамайды. Олар бюджеттік нұсқаны қарастырады. Қазір бағалар әртүрлі. 70, 80 және 90 мыңға пәтерлер бар”, – деді жылжымайтын мүлік агенттігінің өкілі Дмитрий Пономаренко.

Алайда "Алтын Орда" жаңа ғимараттар ауданындағы жалдамалы тұрғын үйлер қаланың ескі бөлігіне қарағанда екі есе қымбат. Мұнда инфрақұрылым, транспорт дамымаса да, алатындар бар.

“Жалпы айырмашылық – 150-200 мың теңге. Мұның бәрі жөндеуге байланысты. Батыста бір бөлмелі пәтерді ай сайын 200 және 250 мың теңгеге жалға алуға болады. Ескі аудандағы сондай пәтерді 70 мыңға табуға болады”, – деді Пономаренко.

Мамандар жаңа жылға жақын әдеттегідей жалдау құны көтерілетінін айтады. Желтоқсанның 20-нан бастап 3 қаңтарға дейін болады. Орташа алғанда, осы кезеңде пәтерлер мен үйлер 10-15 мыңға қымбаттайды.

Петропавлда статистика бойынша тұрғын үйді жалға алу құны 6%-ға төмендеді. Сарапшылар бұл қаладағы құрылыс қарқынының нәтижесі екеніне сенімді. Қала орталығында жиһазбен және тұрмыстық техникамен жабдықталған бір бөлмелі пәтерді бүгінде айына шамамен 100 мың теңгеге алуға болады. Ипотека бойынша ай сайынғы төлем шамамен осындай.

“Бүгінде клиенттің таңдау құқығы бар. Әсіресе, коммерциялық сегментті таңдағанда кірпияздық танытады. Енді адамдар эконом-класс деңгейіне қанағат тұтпайды. Олар географиялық орналасуы бойынша, жайлылықтың қандай да бір класы бойынша іздейді, жабық аула, қорғалатын аймақ болуын,  төбелері биік болғанына назар аударады”, – деді Қазақстан риэлторлары қауымдастығының мүшесі Гүлмира Жылқыбаева.

Элиталық үйлердегі шаршы метрдің бағасы 350 мың теңгеден басталады. Бұл кәдімгі жаңа ғимараттағы алаңнан шамамен 100 мыңға қымбат.

Риэлторлар есептегендей, жаңа үйлердегі тұрғын үйдің шамамен 70%-ы несиеге сатып алынады.