Ұлыбританиядағы орталық Ланкашир университетінің биомедицина профессоры Питер Абельдің айтуынша, үнемі шаршап жүру, жиі суықтау және түрлі инфекцияларды жұқтыра беру – иммунитеттің төмендігін білдіреді.
Иммунитеті әлсіз адам қандай болады?
3,424
оқылды

Stan.kzтің шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап жазуынша, егер адам жылына екі-төрт реттен жиі тыныс алу немесе вирустық дертке шалдықса, дененің қорғаныс функциясының әлсірегенін көрсетеді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сондай-ақ иммунитеті төмен адамдарға жиі суық тиеді.

"Ағзада вирустық инфекциялармен күресу үшін антиденелер шығаратын лимфоциттер жеткіліксіз", – деп түсіндірді Абель.

Диетолог Сюзи Перри иммунитет төмендегенде, вирустық ауруларға бактериялық инфекциялар жиі қосылатынын айтады. Олар қызыл иекке, зәр шығару жолдарына, асқазан-ішек жолдарына және басқа мүшелерге әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар имунитеті әлсіз адамдардың жарасы ұзақ жазылады дейді

Терапевт Надя Хасан иммундық жүйенің бұзылуы кейбір созылмалы және өткір аурулардан, ұзаққа созылған стресстен және В12 витаминінің, фолий қышқылының немесе мырыштың жетіспеушілігінен туындауы мүмкін екенін түсіндірді.