Оқиға Н.Назарбаев даңғылындағы 236-үйдің жанында болған.
Басына кірпіш құлаған оралдық әйел сол жерде жан тапсырды
699
оқылды

Орал қаласында басына кірпіш құлаған әйел сол жерде көз жұмды,–  деп хабарлайды Aikyn.kz.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 26 қараша күні шамамен сағат 14.40-та Н.Назарбаев даңғылы, 236-үйдің жанында болған.

"Сол тұстан өтіп бара жатқан әйелдің басына кірпіш құлап кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан әйел оқиға орнында қайтыс болды. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр", – деп жазды ведомстводан. 

Қалада кешеден бері күн жылып кеткендіктен, қар еріп жатыр.