Оған 1,1 миллион теңге айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.
ШҚО-да жер қатынастары бөлімінің басшысына айыппұл салынды
Фото: kzl.sud.kz
645
оқылды

ШҚО-ға қарасты Самар ауданында атқарушы орган биылға жоспарланған жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін уақытша пайдалану бойынша 16 байқауды өткізбеген, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Жыл басынан бері ШҚО прокуратура органдары құны 690 млн теңгені құрайтын 40 мың га 119 жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарған. Оның ішінде жалпы құны 430 млн теңгеден асатын 37 мың га пайдаланылмаған 101 жайылым учаскесі бар.

– Самар ауданының прокуратурасы ШҚО кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп жер заңнамасы нормаларының сақталуына талдау жүргізген. Жергілікті атқарушы орган осы жылы жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша 16 конкурс өткізбегені анықталды, – деп мәлімдеді ШҚО прокуратурасы.

Аудан прокуратурасының қадағалау актісі бойынша көрсетілген бұзушылықтарға жауапты әкімдіктің жер қатынастары бөлімінің басшысы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 137-бабымен жауапкершілікке тартылды.

Самар аудандық сотының 27 қазандағы қаулысымен оған 1,1 миллион теңге айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Пайдаланылмайтын жерлерді қайтару жұмыстары жалғасуда.