Қазақстанда өңірлерге ұзақ уақытқа саяхат жасау тиімді ме?
Саяхаттағанда таныс-туысының үйіне тегін орналасқысы келетіндер көп пе?
Фото: автордыкі
1,865
оқылды

Жолдың сапасыздығы, әуе, теміржол билетінің қымбаттығы, интернет байланысының жоқтығы немесе баяулығы туризмнің дамуына кедергі келтіреді. Бұл туралы Aikyn.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.  

Өңірлерде туристер саны бір күндік және түнейтін келушілерді қамтиды. Freedom Finance Global-дың зерттеуінше, бір күндік келушілердің үлесі Ақмола (35,5%), Алматы (33,9%), Түркістан (32,5%), Жетісу (30,2%) және Солтүстік Қазақстан (29,1%) облыстарында көп. 

Қазақстан бойынша ішкі келушілер өткізген түндердің жалпы саны 20 миллионнан асты. 

 

Ел бойынша iшкi туристердiң сапарларының орташа ұзақтығы түнгi небәрi 2,6 (тұтастай алғанда Қазақстан бойынша). Тұрғындары ұзағырақ демалғанды жөн көретін өңірлер Алматы қаласы (4,1 түн), Солтүстік Қазақстан (4,1 түн) және Шығыс Қазақстан (4 түн) облыстары. 

 

Ел ішіндегі саяхат кезінде туристердің басым көпшілігі (66,7%) туыстарына немесе таныстарына тегін орналасуды жөн көреді. Қонақүйлерге ішкі туристердің 13,4% ғана басымдық береді, ал 2022 жылы жалдамалы пәтерлерді 12,1% пайдаланды.

 

«Қонақүйлер Алматы облысы (31%), Алматы (24,1%), Қарағанды облысы (23,5%), Қызылорда облысы (17,5%), Шымкент қаласы (16,2%), Астана қаласы (15,1%) сияқты өңірлердің тұрғындарынан да сұранысқа ие. Бір қабатты бунгало, ауылдағы жер үйлер, коттедждер Шығыс Қазақстан (22,5%) және Ақмола (16,6%) облысы тұрғындары арасында сұраныс бар», – дейді сарапшы Аңсар Әбуев.

Бұған дейін TikTok-тың бас директоры Чжоу Шоуцзы Қазақстанды TikTok арқылы насихаттап, көл-көсір табыс табуға болады деген болатын.