Аталмыш шаралар қоғам арасында «тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік» қағидасын нығайту, көшелер мен басқа қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті қолдау мақсатында өткізіліп жатыр.
«Қауіпсіз қоғам»: тұрғындардың қауіпсіздігі тексерілуде
710
оқылды

Алдыңғы аптаның басынан бастау алған жазатайым оқиғалардың алдын алу және төмендетуді көздеген  «AMANAT» партиясының еріктілері мен аймақтардағы Жергілікті полиция департаменті бірлесіп «Қауіпсіз қоғам» акциясы аясында профилактикалық рейдтер жүргізуде.

Аталмыш шаралар қоғам арасында «тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік» қағидасын нығайту, көшелер мен басқа қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті қолдау мақсатында өтуде. Сондай-ақ атаулы акция ел президенттінің «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру бағытында ұйымдастырылып отыр.

Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Қанат Айтбаевтың айтуынша, акция жедел жағдайды жақсартып, полицияның құзыреті шеңберінде халыққа көмек көрсетуге бағытталған дейді.

«Жастар рухымен» бірлескен акцияның барысында Петропавл қаласында 556 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Мобильді топтарға тиісті нұсқаулықтар беріп, бірігіп жұмыс істеудеміз. Бірлескен жұмыстың нәжесінде біраз құқық бұзушылықтардың алдын алып, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз», – дейді полиция полковнигі.

Осы ретте акция аясында 4 бағыттан тұратын «Есірткіге жол жоқ!» жобасының рейдтері ұйымдастырылуда. Жыл басынан бері жүргізілген арнайы рейдтер барысында барлық 20 өңірде 1000-нан астам еріктілердің қатысуымен 5 000-нан астам граффити анықталып, жойылған болатын. Дәл осындай рейдті Өскемен қаласының тәртіп сақшылары мен еріктілер өткізді. Сондай-ақ мобильді топ пробация қызметінің есебіндегі адамдарды қабылдап, есепте тұрған қала тұрғындарына жұмысқа орналасу бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетті.

Ал Қостанайда үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, «Жастар рухы» мүшелері, психологтар мен адвокаттардың қатысуымен «Әйелдерге қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында тұрмыстық зорлық-зомбылық, алимент, айыппұлдар және оларға салынатын жазалар талқыға түсті. Сондай-ақ аймақтарда балалардың қауіпсіздігі де тыс қалмауда. Барлық облыстар мен қалаларда балаларға арналған ойын алаңдарының жағдайы және алаңдардағы тәртіп пен тазалық тексерілуде.

Сондай-ақ Астана қаласы Алматы ауданы аумағында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтардың түнгі уақытта тұрғылықты мекенжайында болу-болмауын тексеруден өткізді. Есептегі тұлға тұрғылықты мекенжайында болмаған жағдайда ескерту парағы толтырылып, түсініктеме алынды.

Сонымен қатар арнайы жасақталған мобильді топ мүшелері есепте тұрғандарға бақылау жасау, базарлар мен жалға алынған пәтерлерді аралау, заңнаманы бұзған фактілерді анықтау кезінде қолайсыз отбасыларға бару жүзеге асырылуда. Сондай-ақ компьютерлік клубтар, көңіл көтеру орындары мен мейрамханаларда кәмелетке толмаған жастардың жүруіне жол бермеу үшін полицейлер мен Жастар қанатының өкілдері баруда.