28 және 30 қарашада солтүстік аймақтарда желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді және жаяу бұрқасын болады деп күтілуде.
Қар, көктайғақ, бұрқасын, -12 градус аяз: 28-30 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды
12,365
оқылды

«Қазгидромет» РМК 28-30 қарашаға ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері антициклонның орнына Қазақстан аумағына Қара теңіз аудандарынан циклон келеді. Ол шығысқа қарай жылжып, 28 қарашада батыста, 29 қарашада солтүстік, орталық және оңтүстік аймақтарда, 30 қарашада еліміздің көп бөлігінде жаңбыр мен қар жауады, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады. 28 және 30 қарашада солтүстік аймақтарда желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді және жаяу бұрқасын болады деп күтілуде.

Циклонның әсерін әсіресе республиканың оңтүстік аймақтарының тұрғындары сезінеді, шуақты жылы ауа-райы жауын-шашынды (негізінен жаңбыр түрінде, тауларда жаңбырдың соңы қарға ұласады) ауа райына ауысады және күндізгі ауа температурасы 15-24 градус жылыдан 0-12 градус жылыға дейін төмендейді.

Фото: yandex.ru