Оның жоғалғаны туралы хабар полиция бөлімшесіне кеше ғана түсті.
Жетпістен асқан әжей жарты айдан бері табылмай жатыр
3,119
оқылды

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Глубокое ауданында үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен 74 жастағы әжей екі аптадан астам уақыттан бері табылмай жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Глубокое ауданы Белоусовка кентінде тұратын Купсюк Вера Григорьевна 10 қараша күні үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Қарт кісі сол күйі отбасына оралмаған. Алайда оның жоғалғаны туралы хабар полиция бөлімшесіне кеше ғана түсті. 

«Полицияға зейнеткердің ұлы қоңырау шалып, көмек сұрады. Қазіргі уақытта тәртіп сақшыларды жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. Жоғалған адамның қайда екені жайлы қандай да бір мәлімет білетін адамдардан «102» жедел арнасына хабарласуды сұраймыз», – деп жазды ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Белоусовка әкімдігінің мәліметінше, 74 жастағы қарт Фрунзе көшесінде тұрған. Үйден шыққан кезде үстінде көк пальто, қоңыр түсті қалпақ пен қызғылт галош болған.