Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы былтыр әлемде қызылшадан болған өлім-жітім саны 43 пайызға өскенін мәлімдеді.
Өткен жылы жер бетінде 136 мың жеткіншек қызылша дертінен көз жұмған
908
оқылды

Былтыр 37 елде осы індет тіркелсе, 2021 жылы 22 елде қызылша ауруы анықталған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

2022 жылы қызылша жұқтырған балалардың жалпы саны 9 миллионға жетті, оның 136 мыңы аурухана төсегінде қайтыс болды. Әсіресе, кедей елдерде ауру мен өлімнің жоғары деңгейі байқалады.

"Қызылша ауруы COVID-19 пандемиясы кезінде иммундау деңгейі соңғы 15 жылдағы ең төменгі деңгейге дейін төмендеген кезде күрт көбейді. Өлім-жітімнің басым бөлігі аурудың асқынуынан, соның ішінде энцефалиттен, дененің қатты құрғап кетуінен, тыныс алудың ауыр проблемаларынан және пневмониядан болады. Асқынулар көбінесе жас балалар мен 30 жастан асқан ересектерде кездеседі", – дейді мамандар.