Желтоқсан айында елімізде 2-5 жастағы балаларды қызылшаға қарсы егу басталады.
Үкімет басшысы қызылшаға қарсы вакцинация жұмысын күшейтуді тапсырды
905
оқылды

Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов қызылшамен күрес жұмысын жүргізуге жергілікті әкімдер белсенді атсалысуы керектігін айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Аурудың таралуын тоқтату керек. Қызылша асқынып кетсе, балалардың денсаулығына аса қауіп төндіреді. Сондықтан онымен тек денсаулық сақтау жүйесі ғана емес, бүкіл қоғам болып күресуіміз қажет», – деді ол.

Сондай-ақ ол екпе алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

«Мұндай қауіпті вируспен вакциналаудан өзге жолмен күресу мүмкін емес. Сондықтан екпе алуды күшейту қажет. Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер вакцина алудың қажеттігі туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейтуі тиіс. Барлық әкімдер вакциналау мәселесін жеке бақылауда ұстап, Денсаулық сақтау министрлігімен бірге жұмысты үйлестіруі керек», - деді Әлихан Смайылов.

Желтоқсан айында елімізде 2-5 жастағы балаларды қызылшаға қарсы егу басталады.