Қария есірткі тектес заттан денсаулыққа "пайдалы" ботқа пісіретінін айтқан.
Қостанайлық қария қарасорадан тағам дайындаған
1,213
оқылды

Полиция Қостанай облысының 63 жастағы тұрғыны қарасорадан тағам дайындағанын анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

"Құқықтық тәртіп" жедел алдын-алу шарасы барысында полицейлер қарияның үйінен арақ қорабынан салмағы 500 грамнан асатын өсімдік тектес заттың ұнтағын тапты.

"Ер адам шөптен денсаулыққа "пайдалы" ботқа пісіретінін айтқан. Полицейлер затты сараптамаға жіберді.

ҚР ҚК 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", – делінген хабарламада.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 480 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркіледі.