Түркістан облысы ет экспорты бойынша республикада көш бастап тұр.
Түркістан облысы ет экспорты бойынша республикада көш бастап тұр
951
оқылды

Түркістан облысы ауыл шаруашылығында 1 трлн теңгеден аса өнім жиналып, республикада көш бастады. Аймақтың агросаладағы жетістіктері туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасаған облыс басшысы Дархан Сатыбалды баяндап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, егістіктерді әртараптандыру нәтижесінде көкөніс, бақша өнімдерінен рекордтық 3,3 млн тонна жиналды. Сондай-ақ, салада жаңа технологиялар кеңінен қолданылуда. 

«Қарқынды бау көлемі 5 405 гектарға жеткізілді. Нәтижесінде, өнімділік 5 есеге артып, 350 центнерге дейін өнім жиналуда.  Су үнемдеу технологиясы 31 788 гектарға, «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы ендіріліп, суды 2 есе үнемдеуге мүмкіндік беріп отыр. Жылыжайлардың жалпы көлемі 1 640 гектарға жетіп, 140 мың тонна өнім жиналды. Бұған қоса, 100 гектардан агроаймақ құрып, 2027 жылға дейін 500 гектарға жаңа жылыжай салуды жоспарлап отырмыз», – деп мәлім етті облыс диқандарының жетістіктерімен бөліскен Дархан Сатыбалды. 

Аймақ басшысы жылыжай шаруашылықтарын қолдаудың жаңа тетіктері әзірленіп, жылыту шығындарын субсидиялау ережесі бекітілгенін жеткізді. Ал жылыжайларды бір орталықтан қатты отынмен қамтамасыз ету үшін арнайы кооператив құрылып, көмір өндірушілерден тікелей тасымалдау келісілгенін айтты.

Сонымен қатар, мақтаның нарықтық бағасының экспортқа тәуелді және жыл сайынғы құбылмалы өзекті мәселе болуына байланысты мақта-тоқыма кластерін құру жобасы әзірленген. 

«Қазіргі таңда шетелдік ірі тоқыма компанияларымен Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы бюірқатар жобаларды жүзеге асырып, мақта бағасына экспорттық тәуелділікті төмендетуді көздеп отырмыз. Сондай-ақ, мақта дақылын рентабельділігі жоғары дәндік жүгері дақылдармен алмастыру мақсатында «Жылына 150 мың тонна жүгері дәнін терең өңдеу зауыты» жобасы жүзеге асырылуда. Құрылыс басталды,  2025 жылдың соңына дейін аяқталады», – деді облыс басшысы.

Дархан Сатыбалды  Түркістан өңірінің ал шаруашылығының дамуы бойынша да  алдыңғы қатарда екенін атап көрсетті. Оның мәлі метінше,  мал басы өнімділігі орташа есеппен 5 пайызға өсуде. 

«Ет экспорты бойынша облыс республикада көш бастап тұр. Экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 85 пайызы, ұсақ мал етінің – 60 пайызы біздің үлесімізде», – деді  өңір әкімі.