Синоптиктердің болжамынша, 2023-2024 жылдың қысы 2001-2002 жылдың қысы сценариі бойынша күтіледі.
Қазақстанда қыс мезгіліне арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: Tengrinews.kz / Әлихан Сариев
36,661
оқылды

«Қазгидромет» РМК алдағы қысқа арналған ауа райы болжжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамынша, 2023-2024 жылдың қысы 2001-2002 жылдың қысы сценарийі бойынша күтіледі, яғни жылы және жауын-шашын мөлшері нормаға жақын және одан да көп болады. Суық кезең ішінде республика аумағына Атлантика аудандарынан жылы және ылғалды ауа массаларының жиі енуі болжанады.

«Алдағы қыста Қазақстан аумағы бойынша температуралық фон негізінен климаттық нормадан 1-2° жоғары болады деп күтілуде. Желтоқсан айында ғана Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық норма шамасында, ал Қазақстанның солтүстігі мен шығысында нормадан 1° төмен болады деп болжанады», – делінген хабарламада.

Қаңтар және ақпан айларында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын норма шамасында және нормадан көп болжанады, желтоқсанда елдің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері норма шамасында, республиканың солтүстік жартысында нормадан аз болады деп күтілуде.

Наурыз айында Қазақстан аумағындағы ауаның орташа температурасы нормадан 2° жоғары болады деп болжануда. Жауын-шашын мөлшері еліміздің басым бөлігінде нормадан көп жауады деп болжанады.