Мемлекет басшысы Албания Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды Албания Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады
1,372
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды Албания Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

– Бүгінде Албания тұрақты даму, халықтың әл-ауқатын жақсарту және халықаралық қауымдастықтағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы ретте мемлекетіңіздің одан әрі қарыштап дамуына, еліңіздің мерейі әрқашан үстем болуына тілектеспін, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Байрам Бегайдың аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Албания халқына құт-береке тіледі.