Қазақстанда балалардың пайдасына борышкерлерден 23 млрд теңге алимент өндірілді. Бас прокуратураның мәлімдеуінше, 140 мың баланың пайдасына 23 млрд теңге көлемінде қарыз өтелген, сонымен қатар қарыз есебіне борышкерлердің 322 мүлкі өндіріп алушыларға берілді. Бүгінде қарыз сомасы 22 млрд теңгені құрайды.
Қазақстандықтар өз балаларына қарыз
1,119
оқылды

Осыған байланысты прокуратура органдары бо­рыш­керлердің есепке алынбаған және жаңа кіріс көз­дерін анықтау үшін жаңа тәсілдер мен алгоритмдер әзірледі: ол такси қызметіндегі мобильді қосымшалар арқылы жұмыс істеу (Яндекс, inDriver, DiDi, Uber), букмекерлік кеңселердегі ставкалар, электрондық әмияндар және тағы басқа қызметтерді қамтиды.

Белгілі болғандай, алимент төлемеудің негізгі себебі – борышкерлердің жұмысқа орналаспауы, тұрақты табыстың болмауы. Сол себепті прокуратура органдары сот орындаушылары, полиция, әкімдіктер және басқа да уәкілетті органдармен бірлесе отырып жұмыс атқарады. Бірлескен жұмыс нәтижесінде 200-ге жуық вакансия ұсынылған жәрмеңке ұйымдас­тырылған.

Бас прокуратура ақпаратына сәйкес, жұмыспен қамту органдарында 20 мың жұмыссыз борышкер есеп­ке алынды, оның 9,5 мыңы жұмысқа орналасты. 500-ден астам түрлі ынталандыру шарасы өткізілді.

Алимент өндіруден жалтарған 6 мыңға жуық борышкер әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартылды. 700 қадағалау актісі бойынша тәртіптік жазада 825 жеке сот орындаушы жазаланды.