«AMANAT» партиясы Жам­был облыстық филиа­лының Партиялық бақылау комиссиясы мен филиал жанындағы Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері партияның сай­лауал­ды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы көрсеткіштерінің орын­далуы бойынша Тараз қаласындағы білім меке­мелерінің құрылыс жұмыс­тарына қоғамдық бақылау жүргізді.
Нысандар құрылысы – партия назарында
851
оқылды

Комиссия мүшелері Тараз қаласы аумағында жаңадан са­лынып жатқан «Қазарма» иінін­дегі 180 орындық мектеп құры­лысы жұмысымен танысты. Аталған мектеп құрылысын «Тараз Құрылыс Инвест» ЖШС жүргізуде. Білім ошағына 695 534 мың теңге бөлінген. Серіктестік мектеп құрылысын келісімшарт бойынша биыл 30 желтоқсанда пайдалануға беру қажет. Айта кетерлігі, қазіргі таңда се­ріктестік мектептің спорт за­лының ша­тырын жабу жұ­мыстарын жүр­гізуде. Құрылыс басында 17 жұ­мысшы және 3 бірлік техника жұмыс істеуде. Мердігер мекеме өкілінің ай­туынша, аталған құрылысты олар 16 желтоқсанға дейін толық аяқтамақ.

Комиссия және кеңес мү­шелері тарапынан құрылысқа жауапты өкілдерге білім ныса­нындағы спорт залының ша­тырын жеделдетіп жабу, нысанды тиісті мерзімде пайдалануға беру жөнінде ұсыныстар берілді. Сондай-ақ мердігер компания­лардың өкілдеріне құрылыс жұ­мыстары толық аяқталғанға дейін қоғамдық бақылау жұмыс­тарының жалғаса беретіндігі де ескертілді.

Нұрлан ҚОСАЙ