Осы жылдың басынан бері 3 мыңға жуық азаматтың өтініші келіп түсті, олардың 56%-ы оң шешімін тапты.
"AMANAT": Ерекше күтімді қажет ететін адамдарға көмектесті
974
оқылды

"AMANAT" партиясы Астана қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі белсенді жұмысын жалғастыруда. Осы жылдың басынан бері 3 мыңға жуық азаматтың өтініші келіп түсті, олардың 56%-ы оң шешімін тапты.

"AMANAT" партиясы елордалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Мұхамеджан Болысбектің айтуынша, Астана қаласының әрбір тұрғыны, оны қызықтыратын сұрақты жазбаша түрде ғана емес, жеке қабылдау барысында да қоя алады, сол арқылы тікелей және ашық диалогті қамтамасыз етеді.

"Мұндай тәсіл азаматтардың билік өкілдерімен өзара іс-қимылы үшін ыңғайлы платформа жасайды. Бұл тұрғыда "AMANAT" мүгедектігі бар адамдардың мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өту өте маңызды. Олардың проблемалары талқылауға шығарылып қана қоймай, азаматтарды қабылдау барысында қабылданатын тиімді шаралар мен ұқыптылықтың арқасында практикалық шешімдер табады", – деді ол.

II топтағы мүгедек, зейнеткер Бақыт Телжанова қалалық мәслихат депутаты, "AMANAT" фракциясының мүшесі Табигат Зейнулқабденнің қабылдауында болды. Әйелдің қолында қызы бар,  денсаулығына байланысты жұмыс істей алмайды. Ол балкон мен шатырды жөндеуге көмек сұрады.

"Біз тек азық-түлікке, дәрі-дәрмектерге және коммуналдық төлемдерге ғана жететін зейнетақыммен өмір сүріп жатырмыз. Біз шатырды жөндеуді кейінге қалдыра алмаймыз. Шатырдан су ағып, ылғал еніп, көгеру пайда болады", – деді ол.

Депутат зейнеткерге демеушілік көмек көрсетті, нәтижесінде жаңа терезелер орнатылды, еден жабыны жаңартылды, шатыры жөнделді.

Райхан Төлегенова, III топтағы мүгедек, жалғызбасты ана, жерүйде тұрады. Ол партияға қыс мезгіліне дайындалуға көмек сұрады. Қалалық мәслихат депутаты, "AMANAT" фракциясының мүшесі Бекзат Жолжақсынов отбасы үшін 3 тонна көмір сатып алды.

Сондай-ақ партияластардың араласуының арқасында елорда тұрғыны Сәрсенғали Секеновтің мәселесі шешілді. Осы жылдың ақпан айында ер адам: энцефалит және конвульсиялық синдроммен емханаға түсті. Емханадан шығарылғаннан кейін ол бірнеше ай бойы мүгедектік ала алмады.     

  «2,5 ай бойы барлық мекемелерді, дәрігерлерді және комиссияларды аралап шықтық. Шешімін таппай келе жатқан мәселемді «AMANAT» партиясы айналдырған 9-ақ күнде шешіп берді. Ағам ІІ топтағы мүгедек ретінде порталға тіркелді. Өзім де осы партияның мүшесімін ғой. Сондықтан барша аманаттықтарға шынайы алғысымды айтамын», – деп айтты ағасы Жұмағали Секенов.

Өздеріңіздің сұрақтарыңыз бойынша Астана қаласының «AMANAT» партиясы қоғамдық қабылдау бөлмесіне келесі байланыс телефондары бойынша хабарласуға болады:

1. Call-центр: +7 7172 36 19 45; +7 778 097 61 08.

2. WhatsАpp: +7 778 449 96 44  

Қабылдауға жазылуға кездесу өткізілетін күнге дейін, кемінде 3 күнтізбелік күн бұрын жүзеге асырылады.