«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанаты «Қауіпсіз қоғам» акциясы студенттер арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«AMANAT»: Студенттерге құқықтық көмек көрсетілді
1,024
оқылды

Негізі фракция мүшелерімен ашық кәріз құдықтарына, жаяу жүргінші жолақтарына, балалар ойын алаңдарының қауіпсіздіктеріне мониторинг жасаса,  құқық қорғау саласы өкілдерімен бірлесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық түсіндірме шараларын жүргізіп келеді. 

Бұл жолы түсіндірме жұмыстары қаламыздағы «Болашақ» университеті мен жоғары колледжі және «Болашақ» медицина колледжі студенттері арасында өтті. Кездесуге Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Ш.Амитов, «AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалының атқарушы хатшысы Г.Мусаева, Қызылорда стансасы желілік полиция бөлімше бастығы,  полиция полковнигі Д.Мақсұтов, Қызылорда стансасы желілік полиция бөлімінің тергеушісі, полиция майоры М.Альсеитов және «Жастар рухы» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы Ә.Баймұрза қатысты.

 

Шара барысында отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ақпарат көрсетілген жадынамалар таратылып, мәселенің өзектілігі түсіндірілді. Осы бағыттағы сұрақтармен жүгінген студенттерге құқықтық кеңес берді. 

«Бүгінде елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін ауқымды шаралар жүргізілуде. Жалпы, соңғы уақытта елімізде аталған бағыттағы қылмыс саны артып кеткен. Статистикаға сүйенер болсақ, әрбір үшінші отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық кездеседі. Оның ішінде әрбір жетінші әйел экономикалық зорлық-зомбылыққа, яғни қаржылық қысымға ұшыраса, әйелдер мен балалар арасында  физикалық зорлық-зомбылыққа тап болғандар қатары артып тұр. Сондықтан да аталған бағыттағы қылмысты болдырмау, алдын алу үшін бүгінде қарқынды жұмыстар атқарылуда», – деді Қызылорда стансасы желілік полиция бөлімше бастығы,  полиция полковнигі Дәулет Мақсұтов.

Шара барысында тәртіп сақшылары тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес саласындағы іс-қимылдың құқықтық негіздері және мұндай құқықбұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік қаралатынын атап өтті.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ, Қызылорда облысы