Ол 10 қараша күні үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі оралмаған.
ШҚО-да 20 күн бұрын жоғалып кеткен кейуананың мәйіті табылды
Фото: Kazpravda.kz/Талгат Аханов
1,136
оқылды

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында үйден шығып кетіп, жарты айдан астам уақыт бойы хабар-ошарсыз жоғалған зейнеткердің денесі табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Глубокое ауданы Белоусовка кентінде тұратын   Вера Григорьевна Купсюк 10 қараша күні үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Алайда оның жоғалғаны туралы хабар полиция қызметкерлеріне тек 26 қарашада түсті.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларына шұғыл кіріскен болатын. Сондай-ақ іздестіруге еріктілер де жұмылдырылған.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, бүгін 74 жастағы кейуананың денесі табылды. Алайда оның нақты неден көз жұмғаны тек сараптамадан кейін  белгілі болмақ. Мәйіттің қайдан табылғаны туралы да ақпарат берілмеді.