"Қазгидромет" РМК синоптиктері желтоқсан айында күн райының қалай құбылатынын болжады.
-20 градусқа дейін суық: Желтоқсанда күн райы қалай құбылады?
10,392
оқылды

Мамандардың дерегіне қарағанда, биыл елімізде қыс біртіндеп суытады. Тек желтоқсанда республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, – деп жазды Aikyn.kz.

Еліміздің солтүстік жартысында қар, кейде боранды қар жауады, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын жауады (жаңбыр, қар). Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, желдің екпіні 15-28 м/с-қа дейін күшейеді, желдің екпіні айдың басында ҚР солтүстік-батысында және солтүстігінде 30 м/с және одан да күшті болады.

Желтоқсанның бірінші онкүндігінің екінші жартысында арктикалық суық ауа массаларының ығысуымен бүкіл елде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді:

  • елдің батысында түнде 20 градусқа дейін, күндіз 13 градусқа дейін;
  • солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста және орталықта түнде 30 градусқа дейін, ал күндіз 20 градусқа дейін;
  • республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде 20 градусқа дейін, күндіз 10 градусқа дейін суық болады.

Желтоқсанның екінші және үшінші онкүндіктерінде циклондардың әсерінен бірнеше қарқынды жылу толқындары күтіледі:

  • ҚР солтүстік жартысында ауа температурасы түнде 10 градусқа, ал күндіз 5 градусқа дейін суық болады;
  • оңтүстік жартысында түнде 3 градус жылыға дейін, күндіз 13 градус жылы болады.

Алайда кейде солтүстік-батыстан енетін суық антициклондардың әсерінен температура:

  • ҚР солтүстік жартысында түнде 20-30 грудус суыққа дейін, күндіз 8-15 градус суыққа дейін;
  • ҚР оңтүстік жартысында түнде 10-17 градус суыққа дейін, күндіз 3-10 грудус суыққа дейін төмендейді.

Синоптиктер сонымен бірге желтоқсан айында ел аумағындағы ауаның орташа температурасы нормадан 1-2 градустан жоғары болатынын, желтоқсанда жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, республиканың солтүстігінде нормадан көп болатынын болжады.