Жетісу облыстық фи­лар­мониясына Қазақстан­ның Халық әртісі Дәнеш Рақы­шевтың есімі берілді. Сондай-ақ әншінің Талды­қорғанда тұрған үйіне ес­керткіш тақта орнатылды.
Дәнештің есімі – филармонияда
1,156
оқылды

Жезтаңдай әнші Дәнеш Рақышев қазақ музыкасының қоржынына 150-ден астам Әсеттің әндерін, халық әндерін, басқа да халық композиторлары мен қырғыз әндерін қалдырды. Оның орындауындағы ән-жырлар ұлт қазынасына қосылған асыл мұра ретінде қабылданды.  Әнші 1986 жылы «Қазақ ССР-нің Халық әртісі» жоғарғы атағына ие болған. Дәнеш Рақышев 90-жылдары Талдықорғандағы қазақ мектеп-интернатында және Жетісу мемлекеттік уни­верситеті музыка факультетінде өз класын ашып, талапты балалар мен жастарды әншілікке бау­лыды.

Облыстық филармонияға Дәнеш Рақышевтің есімінің берілуіне орай  «Жетісу дүлдүлі» атты мерекелік концерт ұйымдас­тырылды.